Фото: AFP (Құтқару операциясы түнде прожекторлардың жарығымен жүргізілген)
АҚШ федералды авиация басқармасы жергілікті уақыт бойынша 21:00-де (30 қаңтар, Астана уақытымен 07:00) Bombardier crj700 жолаушылар ұшағы мен Black Hawk құрлық әскерлерінің тікұшағы ауада соқтығысты, деп хабарлағанын жеткізген едік.
Ұшақтың бортындағы 60 жолаушының арасында мәнерлеп сырғанаудан 1994 жылғы әлем чемпиондары Евгения Шишкова мен Вадим Наумов болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, құтқарушылар 30 мәйіт тапқан, тірі қалғандар табылмаған.
1980 жылдардың екінші жартысынан бастап Шишкова мен Наумов жұптық мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсете бастаған.
Жетістіктері
1990 жылы желтоқсанда Шишкова мен Наумов КСРО чемпионы атанған, 1991 жылы желтоқсанда турнирде екінші орын алған. Еуропа чемпионаттарында жұп күміс (1994) және төрт қола (1991, 1992, 1993, 1995) жүлделерге ие болған. Әлем чемпионаттарында алтын (1994), күміс (1995) және қола (1993) жеңіп алған.
Ресей чемпионаттарында жұп бірінші (1995) және екі рет үшінші (1993, 1996) орын иеленген. 1994 жылы тамызда Санкт-Петербургтегі ізгі ниет ойындарында үшінші орын иеленген.
АҚШ-қа көшуі
1998 жылы Шишкова мен Наумов әуесқой спорттық мансабтарын аяқтаған. Олар АҚШ — қа көшіп, сол жақта екі жыл бойы кәсіби мұз шоуларына қатысқан. Осыдан кейін олар Симсбериде (Коннектикут штаты) Халықаралық мәнерлеп сырғанау орталығында, 2017 жылдан бастап Бостондағы мәнерлеп сырғанау клубында (Массачусетс штаты) жаттықтырушы болып жұмыс істеген.
Шишкова мен Наумов-еңбек сіңірген спорт шеберлері.
Олардың ұлы Максим Наумов (2001 ж.т.) – мәнерлеп сырғанаудан, 2020 жылғы жасөспірімдер арасындағы АҚШ чемпионы. 2023-2025 жылдары ол АҚШ-тың ересектер чемпионатында 4-ші орынды иеленген.