Фото: Andrew Harnik / Getty Images
Вашингтонда болған жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ апатынан 41 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы NBC News-ке сілтеме жасап.
Колумбия округінің өрт қызметінің басшысы Джон Доннелидің мәлімдеуінше, өңірдегі қатты тұманға қарамастан қалған 26 адамның денесі іздестіріліп жатыр.
Біз 41 адамның дене қалдықтарын алып шықтық. Олардың 28-інің тұлғасы анықталды, — деп атап өтті ол баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ қаза тапқандардың арасында үш сарбаздың екеуінің кім екендігі анықталған.
Еске салайық, Вашингтонда 30 қаңтарға қараған түні Рейган атындағы әуежайдан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соқтығысып, салдарынан Потомак өзеніне құлады.