SHOT деректеріне сүйенсек, Уфа қаласында Лили есімді әйел (кейін есімін өзгерткен) бұрынғы көршісінің отбасынан кек алу мақсатында ауыр қылмыстар жасады,деп хабарлайды Todayinfo.kz.
2022 жылы оның жеке өмірінде қиындықтар орын алып, күйеуімен жиі ұрысып, ақыры ажырасуға шешім қабылдаған. Ажырасу ісінде оның 5-қабаттағы көршісі куәгер ретінде күйеуінің жағында болған.
Ажырасудан кейін Лиля басқа пәтерге көшкенімен, бұрынғы көршісіне – Владимир мен оның жұбайына қатысты ашу-ызасын баса алмаған. Бір жыл бұрын ол Владимирдің жұбайына пышақпен шабуыл жасап, бірнеше рет жарақат салған. Осы оқиғадан кейін ол тергеу тізіміне алынған болатын.
2025 жылдың 16 сәуірінде Лиля Уфаның Октябрь даңғылы, 65/2 мекенжайында тұрған Владимирдің автокөлігін әдейі өртеп жіберген. Оқиға орнынан бейнежазба тараған. Көлік өртегеннен кейін ол тағы да Владимирдің жұбайына шабуыл жасап, оған дене жарақатын келтірмек болған.
Оқиға куәгерлері зардап шеккен әйелге көмек көрсетіп, ашуға булыққан қаскүнемді ұстап алған. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні қамауға алып, тергеу жұмыстарын бастады.