The Bell порталының мәліметінше, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Ресейден шамамен 666 мың адам кетіп, әлі еліне оралмаған. Оның ішінде Қазақстандағы 80 мың адам бар.
Зерттеуге сәйкес, 2022 жылы ресейліктер қоныс аударған жетекші елдер қатарында визасыз бағыттар:
-
- Армения (110 мың адам);
- Қазақстан (80 мың);
- Грузия (74 мың).
Ал Израильге 80 мың, АҚШ-қа 48 мыңға жуық ресейліктің қоныс аударғаны хабарланды.
Еуропа елдерінен ресейліктер көбінесе Германияға (36 мың адам), Латвияға (18 мың), Испанияға (16 мың) және Нидерландыға (12 мың) кеткен. Еуропалық одақтан тыс Сербияға 30 мыңға жуық ресейлік қоныс аударған.
The Bell-дің хабарлауынша, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін ресейліктердің эмиграциясы соңғы 20 жылдағы ең үлкен көрсеткішке жеткен. Бұған дейін эмиграцияның ең үлкен толқыны 1992 жылдан 2004 жылға дейінгі кезең болған. Ол кезеңде елден 1,6 миллион адам кеткен.
Сарапшылар қазіргі эмиграция толқыны Ресейдің экономикасына, демографиясына, ғылымы мен мәдениетіне әсер ететінін айтады.