Қазіргі экономиканың серпінді дамуы тікелей сапалы кадрларды дайындауға байланысты. Демек, жас ғалымның толыққанды кәсіби, өндірістік-технологиялық, ғылыми-әдістемелік, зерттеушілік, т.б. іс-әрекетке даярлығы, кәсіби білімі мен кәсіби іс-әрекетіне құндылықтық қатынас орнатуы, кәсіби әлеуетін арттыруы, қоғамдық өмірде маманның толық өзіндік тұлғалық қасиеттерін көрсетуге даярлануы басты міндет болып табылады.
Кафедрамыздағы «7М01101 – Педагогика және психология», «7М01105 – Педагогика. Білім берудегі менеджмент», «7М01106 – Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу», «7М01802 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының жас ғалымдары Алматы қаласындағы «ӨРЛЕУ» БАҰО, №205 ЖББМ, ҚБ «Педагогикалық Ғылымдар академиясы» орталығында ғылыми зерттеу ізденісінен өтуде. Яғни, кәсіптік қалыптастыруда атқарар істерді меңгеру оқу арқылы және тәжірибе негізінде шыңдалатыны бәрімізге мәлім.
«Әрбір адамды қызметке дайындасаң, атқаратын қызметіне лайықты адамды дайында», — дегендей, еңбек нарығында бәсекелесуге мүмкіндік беретіндей жақсы іргелі және практикалық дайындыққа ие жоғары білікті маман дайындауда, кафедрамыздың ПОҚ-ы қажырлы еңбек етіп келеді. Ізденуші жас ғалымдар білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізетіні анық – дейді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Долорес Нұрғалиева.
«7М01802 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Жанна Жетенова «Бала ата-ананы тәрбиелейді, ата-ананы кім тәрбиелейді» атты пікірсайыс өткізу барысында.