Түркияның Ыстанбұл қаласында шіркеуде жасалған шабуылдан кейін 47 адам ұсталды, деп хабарлады NTV.
28 қаңтарда Сарыер ауданында бетперде кигендер бір адамға қарулы шабуыл жасаған. Салдарынан 52 жастағы ер адам қаза тапты.
Ресми ақпарат бойынша, шабуылдан кейін күдіктілерді ұстау үшін 30 жерде іздеу жұмыстары жүргізіліп, 47 адам ұсталды.
Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая кісі өліміне күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Олардың шетел азаматы екені айтылды.
Todayinfo.kz