Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астана көшесінде мас судья ұсталды
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • «Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады
  • «Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • «Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » ЮНЕСКО Нұрғиса Тілендиевтің әлемдік мәдениетке қосқан үлесін мойындады: Парижде ұлт патриотының мерейтойлық көрмесі ашылды

ЮНЕСКО Нұрғиса Тілендиевтің әлемдік мәдениетке қосқан үлесін мойындады: Парижде ұлт патриотының мерейтойлық көрмесі ашылды

16 Маусым, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ХХ ғасырдың ұлы композиторларының бірі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты көрме салтанатты түрде ашылды. Экспозиция Нұрғиса Тілендиевтің композитор, дирижер, Халық қаһарманы, қазақ музыкасының аңызы ретінде халықаралық деңгейде мойындалғанын білдіреді. Оның есімі қазақтың ғана емес, бүкіл әлем мәдениетінің Алтын қорына енген, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Биыл Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толып отыр. Бұл маңызды дата ЮНЕСКО ұйымының Естелік күндер күнтізбесіне енгізілген.

Көрмеде Алматы қаласындағы Музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-ке жуық құнды жәдігер ұсынылған. Атап айтсақ, сирек қолжазбалар, партитуралар, жеке заттары және Ахмет Жұбановқа сыйлаған аңызға айналған «Дариға домбыра» да бар. Айта кетейік, кезінде бала Нұрғисаның музыкалық білім алуына Ахмет Жұбанов себепкер болып, анасына баласын музыка училищесіне беруге көндірген еді.

«Залға кіріп, жәдігерлерді көрген сәтте толқып кеттім. Бойымды мақтаныш кернеді. Алматы қаласы әкімдігіне және ЮНЕСКО-ға алғыс білдіремін. Әкем өте қарапайым, адамгершілігі мол жан болатын. Ол барлық шығармасын қазақ халқы мен туған жерге деген сүйіспеншілікпен жазды. Әкем көбіне музыканы түнде жазатын. Ол шығармаларын кәдімгі қаламмен, үлкен партитуралық қағаздарға қолмен түсіретін. Табиғи есту қабілеті соншалық – шығарманың толық сарыны санасында сайрап тұратын. Тіпті сол әуенді бірден қағаз бетіне түсіріп үлгеретін, – деді қызы, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» қазақ мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі Дінзухра Тілендиева.

Көрменің ашылу рәсіміне ЮНЕСКО-ға мүше елдердің елшілері, дипломатиялық миссия өкілдері, халықаралық ұйым қызметкерлері, Париж тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ Францияда тұратын отандастарымыз қатысты. Көрме ЮНЕСКО штаб-пәтерінде 2025 жылдың 19 маусымына дейін жалғасады.

«Нұрғиса Тілендиевтің музыкасы қазіргі қазақ болмысының қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Ол халқымыздың рухани жадынан қуат ала отырып, заманауи әлемге де ашық болды. Оның шығармашылығы біз барлық мәдениеттен іздейтін құндылықты – түрлі элементтердің үйлесімін көрсетеді. Бір ғана нота әдемі болуы мүмкін, бірнеше нотаның үндестігі ғана нағыз гармония тудырады. Дәл сол сияқты, әртүрлі дауыстарға құрметпен қарап, біз шын мәнінде мағыналы дүниені бірге жасай аламыз. Бұл ЮНЕСКО-ның басты миссиясы: мәдениеттер арасындағы диалог пен ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті нығайту», – деді ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттоне.

Көрме аясында қазақ және басқа да түркі халықтарының ұлттық музыкалық аспаптары ұсынылды. Алты тақырыптық бөлімнен тұратын көрме экспозициясы композитор шығармашылығының сан қырын аша түсіп, қазақ музыкасының терең тамыры мен өрісі кең болмысын бейнелейді.

«Бұл іс-шара қазақ музыкасының алтын арқауы болған тұлғаның мұрасына көрсетілген зор құрмет. Бұл — түркі дүниесінің ортақ рухани кеңістігін жаһандық деңгейде танытудың жарқын көрінісі», — деді Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов.

Көрмені Алматы қаласы музейлер бірлестігі Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілдігінің және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырды. Жоба қазақ халқының музыкалық мұрасын халықаралық аренада насихаттауға бағытталған және «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаған тұлғаның шығармашылығымен танысуға мүмкіндік береді.

«Нұрғиса Тілендиев — ән, күй, романс, опера, балет, кантата, поэма сынды жанрларды қатар меңгерген, қазақ музыкасының заңғар тұлғасы. Бүгінде Алматыда Тілендиевтің мемориалдық музейі жұмыс істейді. Ескерткіш те орнатылған. Сондай-ақ, биыл Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры композитордың 100 жылдығына орай арнайы спектакль ұсынбақ. Жалпы Париж төріндегі көрме әлемдік қоғамдастықтың қазақ халқының рухани құндылықтарына көрсеткен терең құрметінің белгісі. Бұл жұмыс жалғасын табады», — деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің басшысы Алтынай Әлімханова.

Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыка өнерінің аса ірі қайраткері, ұлттық өнердің алтын қорына енген 500-ден астам шығарманың авторы. Ол 50-ден астам драмалық қойылым мен 20-ға жуық көркем фильмге музыка жазған. 12 жасында оркестрдің концертмейстері болып тағайындалып, 14 жасында бас дирижердің көмекшісі болған. Ол Салауаткерейдің шәкірті Науша Бөкейхановтың тәжірибесін бойына сіңіріп өскен.

1943 жылы Тілендиев майданға аттанған. Соғыстан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары бөлімін бітіріп, Мәскеуге барып, жергілікті консерваторияда білімін жалғастырған. Тілендиев бұл оқу орнына түскен тұңғыш қазақ еді.

«Алматы әкімдігінің қолдауымен Оңтүстік Корея, Түркия, Венгрия, Сербия, Италия, Аустрия және Чехия сияқты елдерде көрмелер өткіздік. Ал алғаш рет Францияда көрме ұйымдастырып отырмыз, ол Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Үлкен құрмет пен орасан еңбектің нәтижесі. Біз Алматыда Тілендиев музейінің жаңа экспозициясын жасақтап жатырмыз. Біз ұлы маэстроның мұрасын жаңаша қырынан танытып, түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізіп, оның мұрасын жас буынға таныстырамыз», – деді Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.

Нұрғиса Тілендиев — Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, Құрманғазы атындағы халық аспаптар академиялық оркестрінің бас дирижері, сондай-ақ өзі негізін қалаған «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі болған қазақ музыкасының көрнекті тұлғасы.

Оқылып жатыр

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Соңғы жазбалар

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.