Фото: instagram.com/aigulorynbek
Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Республика күніне орай сыйлықпен марапатталды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Мереке күніне орай “Қазақстанның құрметті заңгері” атағы берілді!
Бұл – мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік.
Адам құқығын қорғау жолындағы еңбектің еленуі – тек жеке марапат емес, әділдік пен заңның үстемдігін нығайту жолындағы барша құқық қорғаушылардың еңбегіне берілген баға деп білемін.
Әділдік іздеген әр азаматтың үні естіліп, заң алдында теңдік қағидаты берік орнауы үшін еңбек ете беремін», — деп жазды ол.
Бұл марапат – менің ғана емес, маған сеніп, бірге күрескен азаматтардың ортақ жеңісі.
«Барша Қазақ Елін мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Елімізде әділдік пен заң үстемдігі әрқашан биік болсын!», — сөзін қорытындылады заңгер.

