ШҚО-дағы атышулы іс жаңа кезеңге өтті. Б.А. Дүйсеновке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) және 367-бабы (пара алу) бойынша қозғалған қылмыстық істің заңдылығы қайта қаралуы мүмкін. Қорғаушы сотқа ресми өтініш жолдап, айыптаудың дәлелдері жеткіліксіз екенін айтып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Адвокаттың айтуынша, іс материалдарындағы куә жауаптары бір-бірімен қайшы, ақша аударымдарының көп бөлігі дәлелденбеген, алғашқы қызметтік тексеріс те заң бұзушылық таппаған.
«Куәлар қағаздан оқып, алдын ала дайындалғандай сөйледі. 500 000 теңге туралы тәуелсіз дәлел жоқ, тек 200 000 теңге аударымы расталған. Бұл ақшаның ‘пара’ екенін дәлелдеу міндеті – айыптаушы тарапта», – дейді қорғаушы.
Қылмыстық іс бойынша ақпараттар:
Өзінің заңды некедегі зайыбы Кәрібек Арай Кәрібекқызын зорлап, ҚР ҚК-нің 120 бабы 1 бөлігі, 121 бабы 1 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасап, 7 жылға бас бостандығынан айырылған Советбеков Рустам Советбековичтің қорғаушысы ШҚО адвокаттар алқасының адвокаты Асенов Рауан Абитханович 05.07.2024 жылы № ЖТ2024-04608971 санды арызды Е-өтініш арқылы ШҚО ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына және облыстық прокуратураға жолдаған.
Арызда тергеуші Б.Дуйсенов оның туыстарынан 860 000 теңге ақша алғанын, сонымен қатар екі миллион теңгені, тергеудің бастығына және прокурорға беремін деп талап етіп отыр, сол себепті аға тергеуші Б.Дуйсеновке, тергеудің бастығы Е.Актановқа және прокурорға шара қолдану керек деп көрсеткен.
Бірақ 23.07.2024 жылғы №ЖТ 2024-04608971 санды арызға берілген ШҚО ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жауабы бойынша, «Сіздің Тарбағатай ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы арызыңыз тергеу басқармасымен қаралды. Арызда көрсетілген мән-жайлар бойынша Тарбағатай ауданы полиция бөлімі қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданы полиция бөлімі бастығы орынбасары Е.Ақтановтың, аға тергеуші Б.Дуйсеновтің Р.Советбековтке қатысты қылмыстық істі тергеу барысында қылмыстық-процестің заңнама нормаларының бұзушылығы анықталмады», деп жауап жолдаған.
Алайда, 2024 жылғы 23 тамызда ШҚО ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына ШҚО ПД-нің жеке құрам бойынша инспекциясынан ШҚО ПД Тарбағатай АПБ тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Б.Дуйсеновке қатысты Советбеков Рустам Советбековичтің қайталап жазған арызы келіп түскен.
Р.С.Советбеков арызында, аға тергеушісі Б.Дуйсенов оған қатысты
сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін өндіріспен қысқартылады деп, материалдық
пайда алу мақсатында өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып,
«Kaspi.kz» қосымшасы арқылы 500 000 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алғаны туралы көрсеткен.
Осы факті бойынша бастапқыда Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы 27.08.2024 жылғы, уақыты (11 сағат 15 минутта) №246369031000004 болып СДТБТ-де тіркеу жүргізіледі. ШҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полициямайоры Шығыс Қазақстан облысының ПД ӨҚБ А.С.Садыкованың баянатымен іс қозғап, өз өндірісіне қабылдап тергеуді бастап кеткен. Сонда кімге де болса, мынандай ой келеді, не себепті бастапқы «Тарбағатай ауданы полиция бөлімі бастығы орынбасары Е.Ақтановтың, аға тергеуші Б.Дуйсеновтің Р.Советбековтке қатысты қылмыстық істі тергеу барысында қылмыстық-процестің заңнама нормаларының бұзушылығы анықталмады» деп көрсетіледі де,кейінен белгісіз себептермен оған байланысты ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалады. Сонда не себепті екі түрлі шешім шығарылады, бұл кімнің де болса санасына үлкен күдік ұялатады. Осы факті бойынша дәлелдеме құжаттар тіркеліп отыр.
№65 адвокат хабарламасы 22.08.2024 жылы адвокат Саспаева Аяулым Мейрамбековна Советбеков Рустамның адвокаты болып тағайындалған.
22.08.2024 жылы А.М.Саспаева ШҚО ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасынаөтінішхат жазып істі Антикорға жолдауды сұраған.
28.08.2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының ПД ӨҚБ тергеушісіА.С.Садыкова істі прокуратура арқылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне жолдаған.
02.09.2024 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы Шакенов Д.В. істі тергеуші Е.Бекмұратқа тапсырған.
02.09.2024 жылы тергеуші Е.Бекмұрат өз өндірісіне қабылдады. Осы істің сотқа дейінгі тергеп-тексеруі бір жақты, үстірт қаралып бастағанына біздің жеткендіктен, біз өз құқымызды пайдалана отырып, тергеу әрекеттерінде жауап беруден бас тарттық. Кейіннен тергеу мерзімі аяқталып келе жатқандықтан тергеуші Е.Бекмұрат тергеу мрезімін ұзарту мақсатында тағы бір қылмыс бойынша, яғни ҚР ҚК-нің 28 баб 4 бөлігі — 367 бабы 2 бөлігіменқылмыстық іс қозғауды дұрыс деп шешті.
Сөйтіп, 06.02.2025 жыл Р.С.Советбековке байланысты пара беруге оқталғаны туралы Ғазезовтың баянаты. 06.02.2025 жылғы, уақыты (19 сағат 25минутта) №256300131000015 болып СДТБТ-де тіркеу жүргізіледі.
20.02.2025 жылы ҚР ҚК-нің 28 баб 4 бөлігі — 367 бабы 2 бөлігімен қылмыс тіркелді. Сөйтіп, 19.04.2025 жылы тергеу аяқталғаны туралы хабарланды.
19.04.2025 жылы қылмыстық іс аяқталғаны туралы бізге хабарланып, біз сол күннен бастап қылмыстық іспен танысып бастаған болатынбыз. Осы қылмыстық іспен танысу барысында, қылмыстық істің бір-жақты, үстірт жүргізілгені және менің қорғауымдағы Б.А.Дуйсеновтің кінәлі екенін әшкерелейтін ешқандай айқын дәлелдемелер жоқ екені анықталды.
«Біздің қорытындымыз бойынша тергеу де нақты дәлелдемелер жоқ, менің қорғауымдағы Б.А.Дуйсенов формальді түрде кінәлі деп танылып отыр. Оған дәлел ҚР ҚК-нің 120 бабы 1 бөлігі, 121 бабы 1 бөлігімен 7 жылға сотталып кеткен Р.С.Советбеков өзінің тергеушісі болған Б.А.Дуйсеновке деген өшпенділігі, бас араздығынан туындап отырған осы провокациялық іс әрекеттерді менің қорғауымдағы Б.А.Дуйсеновке қарсы қозғалған қылмыстық іске негіз етіп алып отыр. Қылмыстық істе осы провокациялық мақсатта Б.А.Дуйсеновтың есепшотына әдейі аударылған 200 000 теңге ақшадан басқа, тек Р.С.Советбековтың жақын туыстарының бір-бірлерін қолдап берген жауаптарынан басқа ешқандай дәлелдемелер жоқ болып шықты. Құпия тергеу әрекеттерінде пара, ақша туралы ешқандай сөздер жоқ, қорытынды түгелдей болжамды сөздерге негізделген. Сондықтан тергеуші сараптама тағайындауға мәжбүр болған. Осы күмәнді дәлелдемелерге тергеуші тиісті баға бермеген. Осы айтылып отырған күмәнді мән-жайлар қылмыстық іске негіз болмауы керек болған», дейді адвокат.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 19-бабына сүйенетін болсақ, Адамның кiнәсiздiк презумпциясы бойынша:
Осы мән-жайларды 29.04.2024 жылы тергеушіге өтінішхатымыз арқылы көрсетіп, Дуйсенов Берик Айпгазыулына байланысты заңсыз қозғалып ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен және ҚР ҚК-нің 28 бабы 4 бөлігі – 367 бабы 2 бөлігімен жүргізіліп жатқан қылмыстық істерді ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1 бөлігі 2 тармағына сәйкес оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартуды сұраған болатынбыз.
Алайда, 30.04.2025 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының тергеушісі Бекмұрат Е.Б., біздің өтінішхатымызды қанағаттандырусыз қалдырып, қылмыстық істі бір жақты тергеп, істі дереу сотқа жолдады.
Біз, бастапқыда осы қылмыстық іс қозғалып, алғашқы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған кезде, бірден менің қорғауымдағы Б.А.Дуйсенов екеуміз оған тағылған күдікпен, кейіннен оған тағылған айыппен толық келіспейтінімізді айтып, қылмыстың құрамы болмауына байланысты осы қылмыстық істі қысқарту туралы бірнеше рет өтінішхат жазған болатынбыз.
Алайда, өкінішке орай, біздің өтінішхаттарымыздың барлығықанағаттандырусыз қалдырылды.
Егер менің қорғауымдағы Б.А.Дуйсеновке байланысты жүргізілген осы қылмыстық істің құжаттарын және сот тергеуі кезіндегі берілген куәлардың жауаптарын мұқият зерттейтін болсақ, бұл істің негізсіз және заңсыз екенінайқын көруге болады.
Бізге мәлім болғандай осы Б.А.Дуйсеновке байланысты жүргізіліп жатқан қылмыстық іс Р.С.Советбековке байланысты ҚР ҚК-нің 120 бабы 1 бөлігі, 121 бабы 1 бөлігімен жүргізілген резонанстық қылмыстық іспен тікелей байланысты. Сондықтан ол іс туралы қысқаша айтып өтпеске болмайды. Аталған қылмыстық істің қалай аяқталғаны барлығымызға белгілі, яғни сотталған Р.С.Советбеков ол қылмыстық бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, себебі ол өзінің заңды некедегі зайыбы А.К.Кәрібекке қарсы ҚР ҚК-нің 120 бабы 1 бөлігі, 121 бабы 1 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.
Сол кездегі сотқа дейінгі тергеп-тексеруі және сот тергеуі жан-жақты тергеліп, тергеушінің, прокурордың және соттың шешімдері бойынша Р.С.Советбеков 7 жылға бас бостандығынан айырылды, оның қылмысы толықтай дәлелін тапты, үкім шықты, үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.
Осыған қарамастан, бүгінгі таңда Р.С.Советбековтің зайыбы А.К.Кәрібек көптеген заң орындарына, керек болса әлеуметтік желісі арқылы президентке дейін шағымданып, оған тергеудің, прокурордың және соттың тараптарынан қысым жасалынып, соның салдарынан оның кінәсіз жұбайы Р.С.Советбеков 7 жылға сотталып кетті деген арыз-шағымдары толассыз түсуде.
Алайда, ол шағымдар аталған органдармен қаралып, Р.С.Советбековті ақтаутуралы сотың үкімі шықпады. Енді осы жерде кімге де болса мынандай логикалық ой келеді, егер сотталған Р.С.Советбеков ақталмағаннан кейін, Р.С.Советбековтің өзіне және оның туысқандарына, оның тергеуін жүргізген тергеуші, прокурор немесе сотқа қарсы шағым-арыздар түсіріп оларды жауапкершілікке тартқызудан басқа амал қалмайды.
Осыны бүгінгі таңда сотталған Р.С.Советбеков және оның зайыбы А.К.Кәрібек екеуі бірігіп ашық түрде жасап отыр, бірақ олардың күршегіне бүгін тергеуші ғане ілініп отыр, ал прокурор мен сотқа дәлелдемелері болмағандықтан шарасы жетпей қалды. Оған дәлел сотталған Р.С.Советбековтің сотта берген жауабы: «Егер мені қазір ақтап, қамаудан босататын болса, мен арызымды қайтарып алар едім, мен де Б.А.Дуйсеновтың обалына қалғым келмейді, оның да бала-шағасы бар, отбасы бар» деген сөзі. Осы жоғарыда көрсетілген мән-жайға Құрметті сот үкім шығарған кезде ескереді деп ойлаймыз.
Осы қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексеруі кезінде мына төмендегідей көптеген заңбұзушылықтарға жол берілген:
Біріншіден:
Осы қылмыстық іске негіз болған Р.С.Советбековтің арызы сот тергеуі барысында анықталғандай өз қолымен жазылмаған және арыздың түп нұсқасы іске тіркелмеген, іске тіркелген сол арыздың көшірмесі екені анықталды. Куә Р.С.Советбеков осы жазған арызы бойынша сотта берген жауабында ол арызды ол өз қолымен жазбағанын және арызда Б.А.Дуйсеновтан басқа тергеу бөлімінің бастығын және прокурор А.Искаковті де жазғанын көрсетті. Алайда, тергеуші шағымда көрсетілген басқа да лауазымды адамдардың бұл іске қатыстары бар-жоқтарын түпкілікті тексермеген. Бұл туралы біз сот тергеу барысында өтінішхат түсіріп, прокурордан бас тартып, прокурор А.Искаковтен жауап алуды талап еткен болатынбыз, бірақ өкінішке орай біздің өтінішхатымыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Сонымен қатар Р.С.Советбеков сотта берген өзінің жауабының соңында «Егер мені ақтап, қамаудан босататын болса, мен арызымды қайтарып алар едім, мен де Б.А.Дуйсеновтың обалына қалғым келмейді, оның да бала-шағасы бар, отбасы бар» деген ойын ашып айтты. Бұл туралы Б.А.Дуйсенов өзінің берген жауабында сотталған Р.С.Советбековке байланысты қылмыстық істі жүргізіп жатқан кезде, Р.С.Советбеков тергеуші Б.А.Дуйсеновке «егер сен маған қарсы қылмыстық істі қысқартпасаң, мен сені құртамын, соттатамын, менің оған шамам жетеді» деп қорқытып, ескерту жасағанын көрсетті. Бірақ Б.А.Дуйсенов оның бұл сөзіне аса көп көңіл аудармаған, кейіннен ол Р.С.Советбековтен оған қарсы арыз-шағым түскен кезде бірақ түсінген. Ендеше бұл Р.С.Советбековтің Б.А.Дуйсеновке деген бас араздығын айқын көрсетіп тұр. Осы бас араздықтытергеуші сотқа дейінгі тергеукезінде ескерілмеген. Осы сотталған Р.С.Советбеков пен Б.А.Дуйсенов екеуінің арасында болған бас араздықты сот ескереді деген үмітеміз.
Екіншіден:
Тергеуші Бекмұрат Е. сотталған Р.С.Советбековтан жауап алған кезде, яғни10.09.2024 жылы сағат 18:16 басталып, 10.09.2024 жылы сағат 20:27-де тоқтатылған,кейін 18.09.2024 жылы сағат 14:52-ден сағат 17:42-ге дейін куә Кәрібектен жауап алған. Сол күннің ертеңінде, яғни 19.09.2024 жылы сағат 17:29-дан 18:13-ке дейін сотталған Р.Советбековтен жауап алуды жалғастырған, яғниР.Советбековтің жауабы осыншама уақыт созбаланға салынып, бірнеше рет үзіліс жарияланып, жауап алынған, сонымен қатар осы болған үзіліс кезінде сотталғанР.Советбековтің заңды некедегі жолдасы А.Кәрібектен куә ретінде жауап алып, екі жауапты бір текті етіп сәйкестіргені айқын көрініп тұр. Бұл тергеушінің тергеу әрекеттері кімге де болса күмән келтіреді.
Үшіншіден:
Осы қылмыстық істің ең негізгі дәлелдемесі ретінде Д.С.Советбековтің Б.А.Дуйсеновке 18.05.2025 жылы сағат 18:06 минутта аударған 200 000 теңге қаражаты ол аударым жасалғаны туралы Каспий қосымшасының түбіртегі іске тіркелген. Біз бұл аударымның болғанын жоққа шығармаймыз. Ол туралы Б.А.Дуйсенов өзінің жауабында да айтып мойындады. Бірақ біз жоғарғыда көрсетілген Р.С.Советбеков пен Б.А.Дуйсенов екеуінің арасындағы бас араздыққа қайтып оралатын болсақ, мүлдем басқа ойда қалуға болады. Яғни Р.С.Советбеков өзінің ҚР ҚК-нің 120 бабы 1 бөлігі, 121 бабы 1 бөлігімен 7 жылға сотталып бара жатқанына нақты көзі жеткен кезде, Б.А.Дуйсеновтың сеніміне, адами қасиетіне қиянат жасау арқылы, Б.А.Дуйсеновті сендіріп, оған өзіне дереу ақша керек болып тұрғанын айтып, егер ол ренжімесе оның Каспий қосымшасына бауыры Дастан Советбековке 200 000 теңге аударым жасайтынын, кейін сол ақшаны оған әкеліп беруін сұрап өтінген. Өз кезегінде Б.А.Дуйсенов өзінің бұрынан жақсы танысы, досы сияқты болып кеткен Р.С.Советбековтің өтінішіне қарсы келе алмай, келісімін берген. Сөйтіп 200 000 теңгені Р.С.Советбековке әкеліп берген. Әрине бұл туралы оның тергеушіге, сотқа көрсететін дәлелі жоқ. Неге деген сұраққа, егер Б.А.Дуйсенов Р.С.Советбековтің өзіне қарсы бас араздықтан туған қылмыстық ойын алдын ала білген жағдайда ол бұл Р.С.Советбековтың өтінішін орындаудан бас тартатын еді. Әрине қазіргі кезде Б.А.Дуйсенов өзінің осы адами қасиетпен Р.С.Советбековке жасаған көмегінің құрбаны болып отыр.
Төртіншіден:
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында дәлелдемелердің жеткіліксіз болғандығынан жасырын тергеу әрекеттері жасалынған. Алайда бұл жасырын тергеу әрекеттеріне анализ жасап қарасақ және сот-психолого-филологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Д.С.Советбеков пен Б.А.Дуйсенов екеуінің арасында тек қане 200 000 теңге аясында ғане әңгіме болған. Істе көрсетілген 500 000 теңге немесе 160 000 теңге туралы мүлдем ақпарат жоқ. Сонымен қатар Д.С.Советбековтың сөздеріне мұқият көңіл аударсақ, ол осыған дейін шешесі алған несиені жабуға ақша керек екенін ғане айтып, Б.А.Дуйсеновтан ақша сұраған.Ендеше сарапшы не себепті қарыз ақша беру-алу туралы ақпарат жоқ деп көрсеткен бізге белгісіз.
Бесіншіден:
Осы іс бойынша куә ретінде жауап берген Р.С.Советбековтың заңды некедегі жолдасы Кәрібек Арай Кәрібекқызының, Р.С.Советбековтің шешесі Капалбаева Майкулдің, Р.С.Советбековтің туған бауыры Д.С.Советбековтың және оның туған қарындасы Советбекова Аяулым Советбекқызының жауаптарына сын көзбен қарау керек деп санаймыз, өйткені олардың барлығы сотталған Р.С.Советбековтіңжақын туысқандар болып табылады. Олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сот тергеуі барысында да Р.С.Советбековті қолдап жауаптарын беруге барлық күштерін салды. Өйткені куә А.К.Кәрібек, куә Д.С.Советбеков және куә М.Капалбаевалар сот тергеуі кезінде өзімен дайындап қағазға жазып алып келген жауабтарын оқып бермекші болды. Алайда осыны байқап қалған біз сот арқылы ескерту жасадық, осыдан кейін ғане олар еркін түрде айта бастады, сөйтсе де М.Капалбаева өзінің жас ерекшелігіне сүйеніп, сотқа өзімен жазып әкелген жауабын оқып берді.
Ал, іс бойынша негізгі куә болып табылатын Д.С.Советбеков біздің ескертуден кейін, дайындап әкелген жауабына қарамай, сотқа өз еркімен жауап береген кезде, сөзерінен шатасып, сотқа берген жауабын неше мәрте өзгертіп, соттың өзін шатастырғанына куә болдық. Осының бәрін егер сот отырысындағы аудио-видео жазылымды қайталап қарайтын болсақ, бірден байқауға болады. Сол себепті, куә Д.С.Советбековтің жауабына сын көзбен қарау қажет. Өйткені ол оқиғаның болған уақытын, аударылған қаражаттардың соммаларын нақты айтып бере алдмады. Егер осы Б.А.Дуйсеновке тағылып отырған айып, шынымен орын алған болса, не себепті Д.С.Советбеков еш жаңылмастан өз еркімен болған оқиғаны айтып бере алмады. Осының өзі кімге де болса үлкен күмән келтіреді.
Ал, куә А.К.Кәрібек Б.А.Дуйсеновке қарсы нақты қандай да бір дәлелдемелер көрсетіп бере алмады, ол өзінің жауабында тек қайнысы Д.С.Советбеков пен өзінің енесі М.Капалбаевадан естігендерін ғана көрсетті. Сонымен қатар, оның Р.С.Советбековтің жанұясына ақшалай көмек көрсеттім деген уәждерін оның енесі куә М.Капалбаева растай алмады.
Ал куә А.С.Советбекова туралы айтатын болсақ одан жауап алған кезде тергеушілер Е.Бекмұрат пен Битлеуовтың тараптарынан заңбұзушылықтарға жол беріліп, куә А.С.Советбековаға бірден жетекші сұрақтар қойып, жауап алған, осының салдарынан оның жауабының шынайылығына күмән келтіруге болады. Осы болған процесуалдық заңбұзушылық туралы сот тергеуінде тергеуші Е.Бекмұраттың өзі де мойындап жауабын берген болатын.
Ал сот тергеуі барысында куә Р.С.Советбеков пен куә А.С.Советбекованың жауаптарында тағы да қарама—қайшылықтар болып, Р.С.Советбеков сот тергеуінің тәртібін бұзып, А.С.Советбекованың жауап беруіне көмектесіп, орнында отырып алып, сыбырлап кеңес бергеніне сотқа қатысып отырған барлығымыз куә болдық.Осы фактілерді сот отырысы кезіндегі аудио-видео жазылымнан байқауға болады. Ендеше осы А.С.Советбекованың жауабының шынайылығы бізге үлкен күмән келтіреді.
Сонымен қатар сот тергеуі барысында біз арызданушы Р.С.Советбековтіңжақын туысқандары, заңды некедегі жолдасы Кәрібек Арай Кәрібекқызының жауабын, туған бауыры Советбеков Дастан Советбековичтің жауабын, туған қарындасы Советбекова Аяулым Советбекқызының және шешесі Капалбаева Майкулдің жауаптары шынайы болмауына байланысты, дәледемелер қатарынан алып тастау туралы өтінішхат берілген болатынбыз, алайда біздің өтінішхатымыз қанағаттандырусыз қалдырылды.
Алтыншыдан:
Осы қылмыстық істегі пара ретінде берілген 500 000 теңге мен 160 000 теңге бойынша фактілер еш дәлелін таппады.
Өйткені куә Д.С.Советбековтың берген жауабы бойынша ол Б.А.Дуйсеновтың сұрау бойынша 500 000 теңгені А.Б.Бахтияровтың Каспий қосымшасына аударған болса, А.Б.Бахтияров оның жауабымен толық келіспей, ол Д.С.Советбековтен өзіне тиесілі 500 000 теңге қарыз ақшасын қайтарып алғанын, кейіннен ол ақшадан 400 000 теңгені өзінің досы Б.А.Дуйсеновке берешек ақшасын қайтарып бергенінкөрсетті. Ендеше бұл жерде куә Д.С.Советбеков пен куә А.Б.Бахтияров екеуінің жауаптарында қарама-қайшылық бар, яғни 500 000 теңгенің Д.С.Советбековтің А.Б.Бахтияровқа, ал Б.А.Бахтияров өз кезегінде Б.А.Дуйсеновке 500 000 теңгені қандай мақсатта аударғаны туралы нақты дәлел жоқ.
Ал енді 160 000 тенгеге келетін болсақ, қылмыстық істе Д.С.Советбековтің автокөлік жуатын жерде Б.А.Дуйсеновтың қолына қолма-қол ақша түрінде апарып бердім деген жауабынан басқа ешқандай дәлелдеме жоқ. Біз заңгерлер білеміз, осындай ауыр қылмыстар бойынша жалғыз жәбірленушінің жауабы дәлелдеме болмайтынына, себебі кез келген адам тергеушіге, прокурорға немесе сотқа қолма-қол ақша бергенмін деп арыз жазса болды, онда құқық қорғау органдарындағы лауазымды адамдардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қажет болар еді.
ҚР ҚПК-нің 125-бабында көрсетілгендей:
Жетіншіден:
Осы істегі Б.А.Дуйсеновке байланысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағы бойынша қызмет бабын пайдалану деген тұжырым мүлдем негізсіз және заңсыз. Өйткені, ол нақты қандай процессуалдық әрекеттер жасап, алаяқтық жолмен ақша жымқырмақшы болды деген ой келеді. Керісінше, Б.А.ДуйсеновР.С.Советбековке байланысты істі сотқа жіберген. Оның тарапынан өзінің қызмет бабын пайдаланып,қылмыстық істі қысқарту туралы қандай да бір әрекеттер болған емес.
Сегізіншіден: Менің қорғауымдағы Б.А.Дуйсеновке байланысты ҚР ҚК-нің 28 бабы 4 бөлігі – 367 бабы 2 бөлігі бойынша, яғни пара беруге басқа адамды айдап салушы деген айып өз дәлелін таппады. Себебі пара беруге айдап салғаны туралы дәлелдемелер, тек Р.С.Советбековтің жалғыз арызынан басқа ешқандай дәлелдеме көре алмадық. Сондықтан Осы бап бойынша тағылған айып та еш нагізсіз және заңсыз, деп санаймыз.
Тоғызыншыдан:
Менің қорғауымдағы Б.А.Дүйсеновтің жеке басына, оның мінез-құлқына, қызметтік беделіне келетін болсақ, ол полиция қызметкерінің жанұясында дүниеге келген, оның әкесі Кабдулкаримов Айпгазы Дуйсенович көп жылдарбойы ішкі істер органында қызмет жасап, қазіргі кезде лайықты зейнеткерлік демалысында, Б.А.Дуйсеновта әке жолымен көп жылдар ҚР ішкі істер органындаадал қызмет еткен, көптеген мемлекеттік марапаттары бар, ешқандай тәртіптік жазасы болмаған, отбасылы, кәмелетке толмаған 4 баласы бар, тұрғылықты мекен жайы бойынша жағымды мінезделеді, ол құқық қорғау органында жұмыс істеп жүрген кездерінде көптеген күрделі өте маңызы зор қылмыстық істерді тергеп, сотқа дейін жеткізіп, сол үшін мемлекеттік марапаттарға ие болған қызметкер. Оның болашағынан зор үміт күтуге болар еді. Осы сотталған Р.С.Советбековтің Б.А.Дуйсеновке деген бас араздығы салдарынан жазылған бір шағымының негізінде оның бүкіл болашағына балта шабу – нағыз әділетсіздікдеп санаймын.
Біздің Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында көрсетілгендей біздің мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы ол — адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені айқын көрсетілген.
Біз мына бір нәрсені ұмытпағанымыз дұрыс, атақты Ресей адвокаты Федор Плевако айтқандай «Прокурордың артында заң тұрса, адвокаттың артында әрқашан адам тұрады». Ал біздің Конституциямыздың ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, бостандығы.
«Ендеше Б.А.Дуйсеновтің жас жанұясының обалына қалмай,кәмелетке толмаған 4 жас сәбилерін жылатып әкелерінен айырмай, оның ең қымбат қазынасы бостандығынан айырмай, жоғарыда көрсетілген мән-жайларды мұқият зерттеп, осы ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағы және 28 бабы 4 бөлігі – 367 бабы 2 бөлігібойынша көрсетілген қылмыстардың құрамы болмауына байланысты оны АҚТАУ туралы үкім шығаруыңызды сұраймыз», — делінген мәтінде.
Бұл іс әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік «куәлардың сөзі сенімсіз болса, адамды қалай айыптайды?» деп пікір білдіруде.
Фото: opennews