Фото: Амур облысы ТЖМ
Ресейдің Благовещенск қаласында түнде болған өрт салдарынан 5 адам қаза тауып, 3 адам зардап шекті. Өрт орын алған ғимарат заңсыз жұмыс істеп тұрған жеке хостел екені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрттің шығуына электро жабдықтардың ақауы себеп болған. Қайтыс болғандардың ішінде үш ер адам мен екі әйел бар. Өрт шыққан кезде ғимаратта өрт дабылы (сигнализация) болмаған, бұл қайғылы жағдайдың ауыр салдарына әкелді.
Тергеу барысында ғимараттың бұрын жергілікті фабриканың асханасы болғаны, кейіннен заңсыз хостелге айналғаны анықталды. Бұл туралы бақылаушы органдар хабарсыз болған.
Қазіргі уақытта полиция мен прокуратура оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде. Қылмыстық іс қозғалды.