Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Запастағы полковниктер қазір шлагбаум күзетіп жүр». Қазақстанда офицерлер ұйымы құрылды

2 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Рүстем Жантенов, neSPI ұйымының негізін қалаушы

Астанада жаңадан құрылған neSPI (Әскерден кейінгі интеграция қызметі) ұйымының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа ұйым Қарулы күштер сапында қызмет етіп, кейін зейнеткерлікке шыққан немесе қызметтен кеткен әскери тұлғалардың азаматтық қоғамда өз орнын тауып, жаңа өмірге сіңіп кетуіне көмек берумен айналысады. Ұйым түрлі бағдарламаларды оқытып, жұмысқа орналастыру, психологиялық, құқықтық тұрғыдан қолдау көрсетіп отырмақ.

Себебі, осы ұйымның негізін қалаушы Рүстем Жантеновтің айтуынша, бұрынғы әскери қызметте болған адамның кейін азаматтық қоғамға араласып кетуі қиын. Ол өзі де көп жыл әскери қызмет атқарып, полковник шеніне жеткен. Қазір запастағы полковник өзі де осындай жағдайға тап болған.

«Тіпті, маған бұрынғы бастықтарым – полковниктер келді. Кезінде қол бастап, үлкен қызметте жүрген адамдар кейін таксист болып, есік күзетіп қалған. Елестетіп көріңізші, 30 жылдық еңбек өтілі бар полковник шлагбаум күзетіп жүр. Неге мұндай күйге түсіп қалғанын сұрасам, қызметтен кеткен соң өз ортасын таппаған, қабілеті мен тәжірибесі қазіргі ортасына қажет болмай шыққан. Бұл олардың деңгейіне сай емес, өйткені олар одан да зор жауапкершілік арқалап дағдыланған адамдар. Өкінішке қарай, елімізде осы сәттер жетілдірілмеген. Енді біз мемлекетпен сондай интеграцияны дайындап жатырмыз. Мемлекет те сөзімізге құлақ асып, бізді таңдауға дайын екендігін білдірді», — дейді Рүстем Ерболатұлы.

Негізі Қорғаныс министрінің «Қарулы Күштерден шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2022 жылғы бұйрығы бар. Оның үстіне, бұл мәселе «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда да қарастырылған. Алайда ұйым мүшелерінің айтуынша, бұл заң тармақтары жеткіліксіз, біршама кемшін тұсы бар.

Ұйым мәліметіне қарағанда, соңғы 4 жылда Қарулы күштер сапынан 17 мың әскери қызметкер босатылған. Рүстем Жантеновтің пайымдауынша, қызметтен кейін офицерлердің тек 10 пайызы ғана азаматтық қоғамда өз орнын тауып, қалыпты тіршілігін жалғастырып кетеді.

жүр Запастағы күзетіп офицерлер полковниктер шлагбаум қазір Қазақстанда құрылды ұйымы

Оқылып жатыр

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

Соңғы жазбалар

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.