Фото: tatar-inform.ru
Украинаның президенті Владимир Зеленский екінші мерзімге президенттік сайлауға түсу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Зеленский президенттік сайлауға тағы қатысқысы келетінін мәлімдеді.
«52% сенім деңгейімен оның әлі де президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі бар», – делінген хабарламада.
Владимир Зеленскийдің сайлаудағы басты бәсекелесі – Украина Қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы және Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі Валерий Залужный. Бірақ ол әлі «саяси болашағы» туралы түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.
Сондай-ақ Залужныйды сайлауға қатысса, қылмыстық жауапкершілікке тартады деп қорқытып жатыр деген ақпарат та тарады.
Өткен жылдың желтоқсан айында украиналық «Страна» басылымы Зеленскийдің кеңсесі Залужныйдың президенттік сайлауға түсуіне кедергі келтіріп жатқанын хабарлады. Бас тартқан жағдайда оған «Халық қызметшісі» партиясының тізімінен орын және Жоғарғы Рада спикері лауазымы ұсынылады.
Бастапқыда 2024 жылдың наурызына жоспарланған президент сайлауы елдегі әскери жағдай жойылған жағдайда ғана өтуі мүмкін.
6 қаңтарда Зеленский сайлауға қатысу-қатыспау туралы әлі шешім қабылдамағанын айтты. Ол дауыс берудің нақты күнін атамады.