Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Ақпараттық шабуылға ұшыраған Майя Бекбаева: «Сөздерім бұрмаланып, видеолар монтаждалған»

16 Мамыр, 2025

Шыңғыс Белғожаев: «Шерзатты ұрғанымды кейін видеодан білдім»

16 Мамыр, 2025

Мұхтар Тайжан депутаттарға: «Өздеріңе ие болмай, халыққа қалай ақыл айтасыңдар?»

16 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақпараттық шабуылға ұшыраған Майя Бекбаева: «Сөздерім бұрмаланып, видеолар монтаждалған»
  • Шыңғыс Белғожаев: «Шерзатты ұрғанымды кейін видеодан білдім»
  • Мұхтар Тайжан депутаттарға: «Өздеріңе ие болмай, халыққа қалай ақыл айтасыңдар?»
  • Оралда жаңа «Семей» күзет кемесі суға жіберілді
  • «15 минут қазақша, 40 минут орысша»: КТК қазақша жаңалықтарының уақытын қысқартты
  • Әнші Жігер Ауыпбаев ажырасу жайлы: «Бәрібір арамыз бұрынғыдай болмайды»
  • Танымал әзілкештер ажырасу мәселесін көтерді
  • «Көрген адам қадала қарайтын сұлу еді»: Ақнәр Хамиттің анасы оны таныс қыздар қызғаныштан өлтірді деп санайды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 16 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Зеленский Путин жариялаған бітімге жауап берді

Зеленский Путин жариялаған бітімге жауап берді

20 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеу ұсынған келісім сақталса, Киев те бітімге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол 19 сәуір күні өзінің Telegram-арнасында жазды.

Оның айтуынша, 30 күнге толық әрі сөзсіз атысты тоқтату туралы ұсынысқа Ресей тарапынан 39 күннен бері ешқандай жауап берілмеген. Бұл бастаманы АҚШ ұсынған, ал Украина оны оң қабылдаған. Алайда Зеленскийдің айтуынша, Ресей бұл ұсынысты елемеген.

Егер Ресей атысты толық әрі сөзсіз тоқтатуға шын ниетті болса, Украина да соған сәйкес әрекет ететінін жеткізді. «Тыным — тынымға жауап, соққы — тек қорғану қажет болғанда ғана», — деп түсіндірді Зеленский.

Сонымен қатар, Украина 20 сәуірдегі Пасха мерекесінен кейін де бітімді ұзартуды ұсынады. Зеленский бұл бастама Ресейдің шынайы ниетін айқындайтын сынақ болатынын айтып, 30 күн тыныштық бейбітшілікке мүмкіндік береді деді.

Осы уақытқа дейін Ресей шабуылдарын тоқтатпағанын, артиллериялық соққылар жалғасып жатқанын атап өтті. «Қазіргі таңда біз Мәскеуден айтылған сөздерге сенбейміз. Мәскеудің қалай манипуляция жасайтынын жақсы білеміз, сондықтан барлық жағдайға дайынбыз. Біздің күштер әрбір шабуылға орынды және лайықты жауап қайтарады», — деді Зеленский.

Сондай-ақ, ол кешке Бас қолбасшы Александр Сырскийден майдан шебіндегі жағдай туралы есеп күтетінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін, 19 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин Пасхаға байланысты бітім жариялап, ұрыстар 19 сәуір сағат 18:00-ден 21 сәуір сағат 00:00-ге дейін тоқтатылатынын хабарлаған болатын.

Оқылып жатыр

Ақпараттық шабуылға ұшыраған Майя Бекбаева: «Сөздерім бұрмаланып, видеолар монтаждалған»

Шыңғыс Белғожаев: «Шерзатты ұрғанымды кейін видеодан білдім»

Мұхтар Тайжан депутаттарға: «Өздеріңе ие болмай, халыққа қалай ақыл айтасыңдар?»

«15 минут қазақша, 40 минут орысша»: КТК қазақша жаңалықтарының уақытын қысқартты

Әнші Жігер Ауыпбаев ажырасу жайлы: «Бәрібір арамыз бұрынғыдай болмайды»

Танымал әзілкештер ажырасу мәселесін көтерді

Соңғы жазбалар

Оралда жаңа «Семей» күзет кемесі суға жіберілді

16 Мамыр, 2025

«15 минут қазақша, 40 минут орысша»: КТК қазақша жаңалықтарының уақытын қысқартты

16 Мамыр, 2025

Әнші Жігер Ауыпбаев ажырасу жайлы: «Бәрібір арамыз бұрынғыдай болмайды»

16 Мамыр, 2025

Танымал әзілкештер ажырасу мәселесін көтерді

16 Мамыр, 2025

«Көрген адам қадала қарайтын сұлу еді»: Ақнәр Хамиттің анасы оны таныс қыздар қызғаныштан өлтірді деп санайды

16 Мамыр, 2025

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

16 Мамыр, 2025

«Қазақтың барлық қызы ғашық болған»: Тамар Асар Мұхамеджан Тазабекті асыра мақтады (ВИДЕО)

16 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.