Фото: AP
Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың Украинаға қатысты айтқан деректерімен келіспеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бұған дейін Трамп «АҚШ Киевке 350 млрд доллар берді, бәлкім, сәл аз, бірақ бәрібір бұл үлкен сома. Бірақ сол ақшаның барлығы қайда кетті?» – деп мәлімдеген еді.
Зеленский бұл ақпараттың шындыққа сай келмейтінін айтты.
«Бізде нақты сандар бар. Соғыстың жалпы құны – 320 млрд доллар. Оның 120 млрд-ын – Украина халқы, 200 млрд-ын – Украина мен ЕО бірге көтерді. АҚШ-тың үлесі шамамен 67 млрд доллар қару-жараққа және 31,5 млрд доллар қаржылай көмекке тең», – деді Украина Президенті пресс-конференцияда.