Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Нұралхан Көшеров ветеринария саласының өкілдеріне 85 көліктің кілтін табыстады

10 Шілде, 2025

Түркістан облысының туристік орындары туралы Қытайда ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізбек

10 Шілде, 2025

Нариман Төреғалиев ветеринариялық қызметке 106 жаңа автокөлік табыстады

10 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Нұралхан Көшеров ветеринария саласының өкілдеріне 85 көліктің кілтін табыстады
  • Түркістан облысының туристік орындары туралы Қытайда ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізбек
  • Нариман Төреғалиев ветеринариялық қызметке 106 жаңа автокөлік табыстады
  • Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншы ауданына барды
  • Алматылықтар МӘМС қаражатынан 76 млрд теңге жұмсады
  • Қонаевта жағажай спортына арналған алаң жаңаша келбетке енді
  • Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімдер аясында Алматы облысына 224,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды
  • Backstreet Boys Қазақстанға келеді: концертке билеттер бағасы белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 11 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жәнібектің шындығын ашыңыздар»: Қымбат Досжан бала саудасына қатысты үндеу жолдады

«Жәнібектің шындығын ашыңыздар»: Қымбат Досжан бала саудасына қатысты үндеу жолдады

2 января, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әлеуметтік желідегі жазбада Қымбат Досжан тергеу барысындағы қиындықтар мен бала саудасы ісіне қатысты мәліметтермен бөлісті

Туған анасын іздеп жүрген Жәнібек Жұмағұловтың ресми өкілі Қымбат Досжан әлеуметтік желі арқылы қоғамға үндеу жасады. Ол бала саудасына қатысты кейбір деректерді ашып, Жәнібектің туған анасын іздеудегі қиындықтар туралы баяндады.

Коллаж: Aikyn.kz

«2025 жылдың алғашқы күні Жәнібек Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстанға келгісі келгенін айтты. Бірақ мен оны қуантар жаңалығым болмағандықтан, бұл өтінішін орындай алмадым», – деп жазды Қымбат Досжан.

Ол 2024 жылдың желтоқсан айында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі мен Бас прокурорға хат жолдағанын, онда бала асырап алу ісінде орын алған жемқорлық туралы нақты деректер көрсетілгенін мәлімдеді.

Бала асырап алу ісіндегі күдікті деректер

Жазбада Бельгия азаматшасы Валери Савельеваның Арқалықтағы балалар үйінен Жәнібекті асырап алу барысында 12 мың АҚШ долларын аудармашы әйелге бергені және сол әйелдің балаларды таңдау процесінде арнайы нұсқау бергені айтылған. Бұл ақпарат Валери Савельеваның өз аузынан видеосұхбатта расталған.

«Бұл оқиғада аудармашы басты фигурант емес. Бала саудасына қатысты барлық тұлғалар, оның ішінде ресми лауазымды қызмет атқарғандар да тергеуге тартылуы тиіс», – деді Қымбат Досжан.

Жәнібектің анасы неге табылмай жатыр?

Қымбат Досжан қазіргі тергеу жұмыстарының баяулығына назар аударды. Жәнібектің туған анасын іздестіру кезінде 54 әйелдің ДНҚ-сын тексерген, бірақ ешқайсысы сәйкес келмеген. Тергеу органдарының мәліметінше, қалған әйелдерді табу қиын, кейбірі шетелге көшіп кеткен.

«Полиция қызметкерлерінің жұмысы жетіспейді. Жәнібектің болжамды әкесінің туыстары да ДНҚ тестінен бас тартып отыр», – деп жазды Қымбат Досжан.

Жәнібектің қазіргі өмірі

Қазіргі уақытта Жәнібек Испанияда өмір сүріп, түрлі салада жұмыс істеп жүр. Ол туған анасын табуға бар күшін салып келеді.

«Жәнібек үшін ең басты сұрақ – «Менің анам кім?». Бұл сұрақ оның күнделікті өмірінде мазалауын тоқтатпайды», – деді Қымбат Досжан.

асырап алу ісі бала саудасы Валери Савельева ДНҚ сараптамасы Жемқорлық Жәнібек Жұмағұлов тергеу Қымбат Досжан

Оқылып жатыр

«Туристік аймақтардың дайындығы төмен»: Тоқаев Алакөлдегі жағдайды реттеуге тапсырма берді

«Тар бөлме, темір төсек, сасық ауа»: Үлде мен бүлдеге бөленген Перизат Қайраттың тергеудегі бөлмесі көрсетілді (ВИДЕО)

Перизат Қайраттың «соққыға жығылдым» деген мәлімдемесі  расталмады (ВИДЕО)

«80 млн доллар шығарған»: қашқын Қайрат Қожамжаровтың командасы елді қалай тонаған

Перизат Қайрат тергеу изоляторында өзін ұрып-соққанын айтты

«Жер сілкінісін болжауға бола ма?» – сейсмолог Таңатқан Абақанов жауап берді

Соңғы жазбалар

Нұралхан Көшеров ветеринария саласының өкілдеріне 85 көліктің кілтін табыстады

10 Шілде, 2025

Түркістан облысының туристік орындары туралы Қытайда ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізбек

10 Шілде, 2025

Нариман Төреғалиев ветеринариялық қызметке 106 жаңа автокөлік табыстады

10 Шілде, 2025

Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншы ауданына барды

10 Шілде, 2025

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 76 млрд теңге жұмсады

10 Шілде, 2025

Қонаевта жағажай спортына арналған алаң жаңаша келбетке енді

10 Шілде, 2025

Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімдер аясында Алматы облысына 224,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды

10 Шілде, 2025

Backstreet Boys Қазақстанға келеді: концертке билеттер бағасы белгілі болды

10 Шілде, 2025

Аңшы артынан қуып отыру керек: Муфтият киік етін жеуге қатысты түсініксіз пікір білдірді

10 Шілде, 2025

«Бұл – құлдық емес, интернет-алаяқтық»: Айбек Смадияров Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жағдай жайлы айтты

10 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.