Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді

20 Қазан, 2025

Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді

20 Қазан, 2025

Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді
  • Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді
  • Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)
  • Қоғам белсендісі Асхат Ниязовты атышулы әзілінен кейін жауапқа тартуға өтініш білдірді
  • Депутат отбасының миллиардтық табысы: Тендерлердегі жеңістің сыры неде?
  • Ильхам Әлиев Ақордаға келді
  • «Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
  • Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Жаһандық бизнес орталыққа айналады»: Алматыда әлемдік көшбасшылардың форумы өтпек

19 Маусым, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда әлем көшбасшыларының форумы өтеді. Қазіргі сәтте ұйымдкастырушылар форумға дайындалып жатыр. Ол форум бизнес әлемінде осы жылдың маңызды жиыны болады деп болжанған. 27-29 маусым аралығында өтетін форумға әлемнің түкпір-түкпірінен 50-ден астам жетекші сарапшылар келмек, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Одан бөлек бір мыңнан аса инвесторлар қатысады деп жоспарланған.

Nobel Fest және Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO) бірлесіп ұйымдастырған бұл форум жай ғана іс-шара емес, тәжірибе, құнды кеңестер мен инновациялық идеялар алмасудың нағыз алаңына айналады.

Ең өзекті трендтер мен тенденциялар жайлы өз ойын бизнес әлемнің келесідей жұлдыздары бөліседі:

Ричард Брэнсон — миллиардер, визионер, Virgin Group компаниясының негізін қалаушы және бас директоры.

Джефф Хоффман —  Priceline.com/Booking.com, uBid.com тең құрылтайшысы, электронды коммерция саласындағы новатор, жаһандық кәсіпкер, миллиардтық корпорациялардың бас директоры.

Брайан Трейси — өзін-өзі дамыту бойынша әлемдегі ең танымал сарапшы.

Аллан Пиз — нетворкинг бойынша әлемдік сарапшы, «Дене тілі» жаһандық бестселлерінің авторы.

Жозе Баррозу — Goldman Sachs’ International Advisors төрағасы, Португалия Премьер-Министрі (2002-2004), Еуропалық комиссияның төрағасы (2004-2014).

Джессика Кокс — мотивациялық спикер және лайф-коуч. Гиннесс рекордтар кітабына енген. Екі қолы жоқ болып дүниеге келген Джессика ұшақ басқарады, көлік жүргізеді, аквалангпен суда сүңгиді, жекпе-жек өнерінде қара белбеу иегері.

Винита Гупта — инновациялар бойынша халықаралық сарапшы, АҚШ-та өз компаниясын IPO-ға сәтті шығарған алғашқы үнді әйелі.

Айдын Рахымбаев —  елдегі ең ірі құрылыс холдингтерінің бірі BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы.

Тимур Турлов —  қазақстандық кәсіпкер және қаржыгер, Freedom Holding Corp компаниясының бас атқарушы директоры.

Арманжан Байтасов —  белгілі қазақстандық  медиа менеджер, кәсіби журналист, Tan Media Group басшысы,  ТРК «31 канал» және Қазақстандағы тағы да басқа тәуелсіз БАҚ негізін қалаушысы.

New Vision аясында түрлі форматтар қарастырылған: панельдік сессиялар, воркшоптар, көрме, тәлімгерлік аймағы, ашық пікірталастар.

Биыл форумға Димаш Құдайберген қатыспақ. Әлемге әйгілі әнші өзінің ең танымал хиттері мен жаңа әндерін орындап, арнайы бағдарлама ұсынады.

50-ден астам түрлі сессияларда сарапшылар жасанды интеллект әлеміндегі адамзаттың болашағы, заманауи трендтер мен технологиялар, даму стратегиялары, бизнесті ұлғайту, геосаясат, мегатрендтер және олардың әлем болашағына әсері сияқты тақырыптарды көтереді.

Аталған сессиялар аясында форум қатысушыларының мүмкіндіктері болады:

Заманауи әлемдегі бизнесті жүргізудің қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылауға;

Перспективті инвестициялық мүмкіндіктер мен нарық трендтері туралы білуге;

Басқа кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу арқылы өз бизнесін дамыту үшін кеңес пен қолдау алуға;

Әріптестеріңізбен даму стратегияларын талқылау арқылы іскерлік қатынасты кеңейтуге және жаңа серіктестіктер табуға;

Бизнестегі табысты көшбасшылар мен сарапшылардан шабыт пен мотивация алуға;

Ірі компаниялардың құрылтайшыларымен танысып, олардың табыс құпияларын білуге.

Қазақстандағы су тасқынына байланысты іс-шарадан түскен табыстың 50%-ын зардап шеккен өңірлерге аудару туралы шешім қабылданды.

Осылайша, форумның әрбір қатысушы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге өз үлесін қоса алады. «New Vision: Бизнес күші» форумына қатысу шара қонақтарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші бизнес көшбасшылардан кәсіпкерлік пен бизнестегі жаһандық мегатрендтер туралы баға жетпес тәжірибе мен білім береді.

Форум аясында кәсіпкерлер өздерінің жаңа өнімдері мен қызметтерін нарыққа ұсынатын жаһандық бизнес көрмесі өтеді. Бұдан бөлек, форум аясында стартаптар үшін инвесторлардың назарын аударуға және бизнес-мүмкіндіктерді кеңейтуге қайталанбас мүмкіндік ұсынатын питчинг-сессиялар ұйымдастырылады.

Қатысушалар сондай-ақ бизнестегі әлемдік көшбасшылармен жабық мастер класстарға, воркшоптарға және жаһандық YPO мүшелерімен кешкі астарға қатыса алады.

Билеттер жайлы толығырақ біліп, жаңалықтардан қапы қалмау үшін https://newvision.academy/ сайтын қараңыз.

Күні: 27-29 маусым 2024 жыл

Уақыты: 08:00-18:00

Өтетін жері:  Алматы қ., Достык даңғылы, 56, Республика сарайы.

БАҚ үшін байланысушы тұлға: +77019992819 Инкар

БАҚ мына сілтеме бойынша аккредиттеледі:

https://forms.gle/g9LCgrrKaw5RgYXJ7

 

 

Оқылып жатыр

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Қазақстандағы доллар бағамы жаңа рекорд орнатты

Барлық қаржы құрылымдары жақында блокчейнге көшеді — сарапшылар

Соңғы жазбалар

Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді

20 Қазан, 2025

Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді

20 Қазан, 2025

Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)

20 Қазан, 2025

Қоғам белсендісі Асхат Ниязовты атышулы әзілінен кейін жауапқа тартуға өтініш білдірді

20 Қазан, 2025

Депутат отбасының миллиардтық табысы: Тендерлердегі жеңістің сыры неде?

20 Қазан, 2025

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

20 Қазан, 2025

«Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

20 Қазан, 2025

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

20 Қазан, 2025

Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Екінші шахмат Олимпиадасы басталды

20 Қазан, 2025

Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.