Фото: Instagram/klarita_os
Танымал спортшы Жанқош Тұраровтың жары Клара Иса әлеуметтік желіде күйеуіне қатысты тараған ақпаратқа өз көзқарасын білдірді. Ол бұл жағдайдың өзіне де ауыр тигенін мойындап, шындықты түсінген соң сабырға келгенін айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Ет пен сүйектен жаралған адам болғасын әсер етпей қоймағаны рас. Бірақ қыздың ойдан шығарған қиялы емес, елдің жазған хаттары қатты ауыр тиді. Кейін кім екенін көріп, өмір салтын түсінген соң көңілім орнына түсті. Мұндай жала тек Жанқошқа ғана емес, басқа да ер азаматтарға тағылып жатады екен», — деп жазды Клара Иса.
Сонымен қатар, ол бұл жағдайдың өзіне үлкен сабақ болғанын және Жанқош екеуінің бір-біріне деген сыйластығын арттырғанын айтты.
«Ешкім ажырасудан сақтандырылмаған. Тағдырда бар болса, қашып құтыла алмайсың. Өмір онымен тоқтап қалмайды. Адам неден қатты қорықса, соған тап болады. Сондықтан тек жақсы нәрсе ойлауға тырысу керек», – деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, соңғы уақытта Жанқош Тұраровқа қатысты бірқатар мәліметтер әлеуметтік желіде қызу талқыланып келеді.