Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Жалғызбасты анамын»: әуежайда кепілге алынған Ботагөз Мұхтарова жұмыстан кейін қатерлі ісікке шалдыққан анасын қарайды

9 марта, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

7 наурызда Алматы әуежайында қолында пышағы бар азамат жас қызды кепілдікке алып, елді шулатты. Дәл сол сәтте Мұса Әбдірайым есімді азамат бірден көмекке келіп, әуежай қызметкерін құтқарып қалған болатын. Бұл туралы Todayinfo ақпараттық порталы Qaz365.kz— ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен 2001 жылы 4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Қатоңқарағай ауданында дүние келгенмін. Бірақ мен туған соң, үйдегілер бірден Алматыға қоныс аударған. Бір үйдің жалғыз қызымын. Әуежайда жұмыс істеп жүргеніме екі жылдай уақыт болды. Абылайхан атындағы Әлем тілдері университетін туризм мамандығы бойынша тәмамдағанмын. Жалғызбасты анамын, бір балам бар», — дейді Ботагөз.

Ол әуежайдан бұрын бірнеше жерде жұмыс істепті. Атап айтсақ, мектепалды даярлық сыныптары, балабақша. Басқа жерлерде әкімші боп қызмет атқарған.

«Әуежайға барудағы мақсатым бортсерік болу. Бұрыннан әуежайда жұмыс істеу ұнайтын еді. Бала күнгі арманым – бортсерік қызметі. Алайда анамның денсаулығына байланысты арманынан бас тарттым», — дейді кепілге алынған қыз.

Оның айтуынша, анасы қазір мүгедек, қатерлі ісікке шалдыққан. Анасының қасында көп уақыт өткізеді екен. Әкесі де қазір жұмыс істемейді. Анасын қарайтын көрінеді. Бұрын жеке кәсіпкер болған.

«Мен үшін өте қиын сәт болды. Психологтар келіп сөйлесті. Қазіргі таңда өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін», — дейді Ботагөз Мұхтарова.
Әлеуметтік желідегі оның өз парақшасына теріс пікір жазған қолданушылар бар екен. Осыған қатысты Ботагөз өз ойын айтты.

«Әркімнің өз ойы ғой. Мен өз жұмысымды атқарғаннан кейін, барлық жағдайды біліп тұрғаннан кейін ол адамдарға ешнәрсе айта алмаймын. Біреу сенеді, біреу сенбейді. Алайда мен жұмысқа қайта ораламын. Ең қатты уайымдаған әкем болды. Дүрбелеңнен кейін ең бірінші есіме ең бірінші түскені әкем болды, бірден хабарластым. Ол кісінің мүлдем хабары болмаған, мен жылап хабарласқанда, ойланбастан үйден шығып кеткен. Анам бұл оқиғаны білген жоқ. Видеолар әлеуметтік желіге тараған соң, туыстарымыз жіберген екен. Ол кісі де қатты шошынып, ауырып қалды. Мені уайымдаған адамдарға алғыс айтамын. Мұса аға да үйге келіп кетті. Ол кісіге алғысым шексіз. Кеше әуежайдағы әріптестерім, басшыларым келіп, қал жағдайымды сұрады. Көмек беретіндерін жеткізді», — дейді Ботагөз.

Айта кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы бейтаныс адам қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Одан кейін Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Фото: Ботагөз Мұхтарованың жеке мұрағатынан

Алматы әуежайы пышақ шабуыл

Оқылып жатыр

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

Соңғы жазбалар

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.