Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады
  • Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады
  • Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды
  • Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?
  • 2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды
  • Тоқаев Зеленскиймен кездесті
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жалпы өңірлік өнім 170,7 млрд. теңге: Арыс қаласының экономикалық даму стратегиясы жасалды

28 октября, 2024 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының Арыс қаласында өндіріс орындары көбейіп, инвестиция көлемі артады. Ауыл шаруашылығы, логистика салаларында да маңызды жобалар жүзеге асады. Бұл жоспардың бәрі Арыс қаласының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясына енгізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Аталған құжат облыс әкімдігінде өткен арнайы мәжілісте таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласының транзиттік, логистикалық және өндірістік әлеуетін толық пайдалану керектігін айтты.

«Даму стратегиясындағы әрбір жоспар мен индикаторлар орындалуы тиіс. Тұрақты қадағаланады. Инвестиция көлемін ұлғайту маңызды. Келіссөздер жүргізіп, жұмыс орындарын көбейтетін жобаларды жүзеге асырыңыздар. Арыстың мүмкіндігі жоғары. Жақсы бастамалар бар. Нәтиже күтемін», – деді өңір басшысы Дархан Сатыбалды.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, 9 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнімнің көлемі 38,5 млрд. теңгені құрады.

Ұсынылып отырған даму жоспарына сәйкес 2030 жылға дейін Арыста өнеркәсіп өндірісі 12,6 млрд. теңгеден, 35,8 млрд. теңге жетіп, 3 есеге дейін өседі деп күтіліп отыр.

Өңдеу өнеркәсібі 20,4 млрд. теңгеге жетіп, 2,5 есеге дейін өссе, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,5 млрд. теңгеге жетіп, 1,5 есеге дейін өседі деген жоспар бар. Сауда көлемін 30,2 млрд. теңгеге, яғни, 2 есеге дейін өсіру көзделген. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше шаруа қожалықтарын дамыту бойынша да арнайы стратегиялық жоспарлар бекітілді. Ал ауыл шаруашылығы көлемін 74,8 млрд. теңгеге жеткізіп, 2,5 есеге дейін өсіру межеленген. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнім 72,2 млрд. теңгеден 170,7 млрд. теңгеге жетіп 2,4 есеге дейін өседі деген жоспар бар.

«2030 жылға дейін Арыста жалпы құны 386,1 млрд. теңгеге құрайтын 166 инвестициялық жобаны іске асырып, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығында 59 жоба жүзеге асырылып, 1843 жаңа жұмыс орны құрылады. Су үнемдеу технологияларын ендіруде 4 жоба іске асып, 105 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Өнеркәсіп саласында – 49 жоба, құны 135,6 млрд. теңге (1607 жаңа жұмыс орны), ал білім және денсаулық саласында 22 жоба жүзеге асып, 685 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Қалаға 107,4,0 млрд. теңгеге дейін инвестиция тартылып, жылдық инвестиция көлемі 4 есеге дейін өседі деген меже қойылған. Аймақта резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар ашылады. Машина жасау, тамақ өнімдері, құрылыс заттары мен басқада өнімдер, мұнай-химия, көкөніс және жеміс-жидек өңдеу бойынша жобалар жүзеге асырылады»,- деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

Арыс қаласында президент жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ” ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Соңғы жазбалар

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?

23 Қыркүйек, 2025

2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Зеленскиймен кездесті

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.