Фото: Sputnik / Санат Имангалиев
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 1,7 миллиард теңге сыйақы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Сүлейменов сыйақы туралы ақпаратты растамады.
— Себебі 1,7 миллиард жалпы жалақының өзі. Оның ішінде, денсаулыққа байланысты демалысқа шығу, еңбек демалысы бар. Біз алған жалақының бәрі сол санда есептелген. Яғни 1,7 миллиард деген сыйақы емес, – дейді Сүлейменов.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде 2024 жылы Тимур Сүлейменов бастаған топ-менеджерлер және директорлар кеңесі өздеріне 1,7 миллиард теңге сыйақы жаздырған деген ақпарат тарады. Ал дәл сол жылы Ұлттық банк 355 миллиард теңгеге шығынға батып жатқан еді.

