Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города
  • Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
  • Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді
  • Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
  • Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 1 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Жамбыл ауданында ауқымды жобалар жүзеге асуда

Жамбыл ауданында ауқымды жобалар жүзеге асуда

12 Шілде, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық нысандардың жағдайымен танысты. Аймақ басшысы ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобалардың іске асу барысын да бақылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Агро-туризмге серпін беретін инвестициялық кешен

Жұмыс сапары аясында өңір басшысы Дегерес ауылдық округіндегі «DEGERES DISTRICT» демалыс аймағында болды. Жобаны «AVanguard PRO» ЖШС жүзеге асыруда. Кешеннің жалпы аумағы 383 гектарды құрайды. Оның 18,3 гектары туристік аймаққа арналған: бассейндер, жасанды су айдындары, кемпингтер, 108 нөмірлі қонақүй, жеке демалыс үйлері және саябақ аймағы. Бұдан бөлек, жазғы балалар лагерлерін ұйымдастыру жоспарлануда. Қалған 364,7 гектар жер асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, демалыс аймағында жылыжай кешенін іске қосу көзделуде.

Облыс әкімі туристік жобаларды кешенді түрде дамыту қажеттігін атап өтті:

«Осындай көрікті әрі көлік логистикасы үшін ыңғайлы аймақта балалар лагерлерін, спорттық және сауықтыру ауысымдарын дамыту қажет. Ең бастысы — жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын құру. Ауыл халқы өңірдің дамуын өз болашағымен байланыстыруы керек», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Жобаның жалпы құны — 10,2 млрд теңге, оның 8,8 млрд теңгесі Қазақстанның Даму Банкі арқылы қаржыландырылған. 120-ға дейін тұрақты жұмыс орны ашу жоспарланып отыр. Кешенді толық іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Басым бағыт — білім беру

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекшіарал ауылындағы 600 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты. Нысан «SAMURK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ тапсырысы бойынша салынып жатыр, мердігер — «АЛЬТАИР» өндірістік кооперативі. Жобаның жалпы құны — 5,3 млрд теңге. 2025 жылы құрылысқа 3,2 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта мектепке жиһаз және қажетті жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі жұмыстың мерзімі мен сапасына ерекше назар аударды:

«Жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық құрылыс және мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталуы тиіс. Балалар дайын, жайлы әрі қауіпсіз мектепке келуі керек», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Заманауи емхана — қолжетімді медицина

Келесі нысан — Ұзынағаш ауылында салынып жатқан 250 адамды қабылдай алатын жаңа емхана болды. Құрылыс жұмыстары Алматы облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілуде.

Мердігер ұйым — «AKConstruction Company» ЖШС.

Жобаны авторлық және техникалық қадағалау тиісті серіктестермен жүзеге асырылуда. Құрылыс 2022 жылдың қараша айында басталған, аяқталуы 2025 жылдың күзіне жоспарланған. Жалпы құны — 5,2 млрд теңге. 2025 жылы 3,6 млрд теңге бөлінген.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 50 пайызы орындалған, жабдықтар жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған.

Мұндай жұмыс сапарлары Алматы облысы басшылығының ауылдық аумақтарды дамытуға жүйелі түрде көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Жамбыл ауданы — ауыл шаруашылығы, туризм және әлеуметтік инфрақұрылым салаларында жоғары әлеуетке ие өңір. Инженерлік желілерді жаңарту, мектептер мен медицина мекемелерін салу, туристік инфрақұрылымды дамыту — тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды тетігі.

Оқылып жатыр

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Соңғы жазбалар

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025

Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді

1 Қараша, 2025

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 Қараша, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.