Жамбыл облыстық бокс федерациясының жаңа президенті болып облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.
Ресми жиынға Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Әбдірахманов пен федерацияның бас хатшысы Мерей Ақшалов қатысып, Серік Сәлемовке арнайы куәлігін табыстап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
Сондай-ақ жиында федерацияның вице-президенті лауазымына Әділхан Әмірханов бекітілді.