Жамбыл облысы Жуалы ауданының аурханасына токсикозбен түскен Айгүл Айтуғанқызы 12 күн ауруханада жатып көз жұмғаны туралы кеше жазған болатынбыз.
Бүгін Жуалы ауданы ауруханасының өкілдері редакцияға хабарласып, болған жағдай туралы түсінік берді.
Жуалы аудандық орталық аурухана әкімшілігі төмендегідей жауап қайтарады:
Аталған жайт бойынша Сот медициналық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысы орыс тілінде берілгендіктен, қазақша аудармасы ұсынылады:
«2024 жылғы 14 наурыздағы №94 Жамбыл филиалы РМК «Сот медицинасы орталығы» сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес:
1995 жылы туған гр. Айтуғанқызы Айгүлдің өлімі нитриттермен жедел уланудан болған, бұл осы өлім түрінің анықталған морфологиялық белгілері және химиялық-токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен (асқазанның ішіндегісі мен тіндерінде нитриттің болуы) дәлелденеді. Жоғары температура, электр тогы және қышқылдардың әсерінен болатын денедегі қандай да бір зақымдар гр. Айтуғанқызы Айгүлде, 1995 ж.т., сараптамамен анықталмаған.»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің» 06.02.2024 ж. №16 тексеру актісінің қорытындысына сәйкес: ұсынылған медициналық құжаттаманы ретроспективті талдау нәтижесінде пациентке «Ксилат» енгізу фактісі расталмаған.
Аудандық орталық аурухана медициналық құжаттаманы құқық қорғау немесе басқа да бақылаушы органдардың өтініші бойынша ұсынады. Реанимация бөлімшесінде науқастың жағдайы, жүргізіліп жатқан емдеу барысы және емдеу хаттамасымен Айтуғанқызы А. туыстары толық таныстырылды, сондай-ақ санавиация желісі бойынша облыстық мамандардың консилиумы мен консультациясының нәтижелері туралы да хабардар етілді.