Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды

4 Қараша, 2025

Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық

4 Қараша, 2025

Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр

4 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды
  • Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық
  • Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр
  • Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті
  • Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер
  • АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды
  • Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр
  • Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын тексерді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 4 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды

Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды

4 Қараша, 2025 Жамбыл облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен апталық жоспарлау кеңесінде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, табиғи ресурстар, ветеринария салаларындағы атқарылған жұмыстар мен жылдық жоспардың орындалуы талқыланды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, 2025 жылдың 9 айында 362,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Негізгі капиталға 33,2 млрд теңге инвестиция тартылды.

Жыл басынан бері 335 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынды.

Биыл 640 мың гектар егістік алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары егілді.

Егістік алқаптарын әртараптандыру мақсатында мал азығы дақылдары 3,6 мың гектарға, майлы дақылдар 5 мың, көкөніс дақылдары — 4,7 мың, бақша дақылдары – 7,3 мың гектарға, картоп – 1,5 мың гектарға артып отыр.

Шілде айынан басталған егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы орындалып, 3,2 млн тонна өнім алдынды (жылдық жоспар — 3,4 млн тонна).

8,2 мың гектар картоп дақылының 100 пайызы жиналып, 207 мың тонна, 31,1 мың га көкөніс дақылдарының 97,3 пайызы жиналып, 1,2 млн. тонна, 38 мың га майлы дақылдар 100 пайыз  жиналып, 31,3 мың тонна, 12,7 мың га бақша дақылдары 100 пайыз жиналып, 389 мың тонна, 18,1 мың га жүгері дақылының 100 пайызы жиналып, 129 мың тонна өнім алынды.

Күзгі дала және жинау жұмыстарына 9,3 мың бірлік ауылшаруашылығы техникасы тартылды. Ол үшін мемлекет тарапынан 4,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.

Бұдан бөлек, көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары аясында облысқа 7 млрд. теңге қаржы қарастырылған болатын. Бүгінге дейін 209 шаруаға 4,9 млрд теңге қаражат 5 пайыздық несиемен берілді.

5,3 мың гектар алқаптан 292,6 мың тонна қант қызылшасын алу жоспарлануда. Шаруалар «Меркі қант» зауытына 90,5 мың тоннадан астам тәтті түбірді өткізді.

Ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың хабарлауынша, өңірде ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарға сай жүргізілуде.

Бүгінгі күнге дейін жоспарланған 16,5 млн вакцинацияның 11,3 млн-ны, 5,6 млн диагностикалық шараның 4,3 млн-ны орындалды.

1 362 284 бас төл бірдейлендіріліп, АШЖБ дерекқорына енгізілді (жылдық жоспар — 1 491 790).

194,6 млн теңгеге жануарлардың құлақ жапсырмалары сатып алынды.

Облыстағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан 46 елді мекенде үш кезең бойынша 24 398 қора-жай, 168 мың шаршы метр буферлік аймақ және барлығы 580 мың бас ауыл шаруашылығы жануары залалсыздандырылды.

2025 жылы 46 типтік үлгідегі ветеринариялық пункттің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 21 нысанның құрылысы аяқталды. 11 ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Қалған 14-іне жер телімі дайын тұр.

Басқосуда кәсіпкерлік, табиғи ресурстар, жер қатынастары және  өзге де салалардағы мәселелер қаралып, жауапты тұлғалар баяндама жасады.

Облыс әкімі аталған салаларға жауапты орынбасары Әбілхайыр Тамабек пен басқарма басшыларына, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

Өңір басшысы ауылшаруашылығы саласындағы көрсеткіштердің 100 пайыз орындалуын қамтамасыз етуді, салаға инвестиция тартуға жіті көңіл бөлуді, «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы, «Тараз» индустриалық аймағы және «Талас» субаймағының инфрақұрылымын дамыту, жобаларды іске асыруды бақылауға алуды міндеттеді.

Сонымен бірге ветеринария саласында вакцина егу, жануарларды бірдейлендіру, материалдық-техникалық базына нығайту бойынша іс-шаралардың жүйелі орындалуын ұйымдастыруды, жер қатынастары, жер қойнауын пайдалану және су шаруашылығы саласында пәрменді шарлар қабылдауды талап етті.

Оқылып жатыр

Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте

Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

Жамбыл облысының делегациясы Францияда инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

Соңғы жазбалар

«Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды

4 Қараша, 2025

Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық

4 Қараша, 2025

Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр

4 Қараша, 2025

Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті

4 Қараша, 2025

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

4 Қараша, 2025

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

4 Қараша, 2025

Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр

4 Қараша, 2025

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын тексерді

4 Қараша, 2025

«Қызықтың көкесі соңына қарай екен»: Танымал журналист Тұрсынбектің экс-әйелін аямай сынап тастады

4 Қараша, 2025

Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды

4 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.