Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін түнде Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Өрт алаңы – 220 шаршы метр. Өрттің салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы мерт болды.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде жалынды жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 техника жұмыс істеді.
ТЖМ тұрғындардан электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.