Фото: скрин с видео
Жамбыл ауданында ТЖМ өрт сөндірушілері автокөліктер тиелген автотасығышты өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өрт республикалық «Алматы – Ташкент» автожолының 531-шақырымында болған.
«Сегіз жеңіл көлік тасымалдап бара жатқан автовоздың артқы дөңгелектері өртенген. Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар келгенге дейін автовоз жүргізушісі үш жеңіл көлікті түсіріп үлгерген.