Фото: Polisia.kz
Жамбыл облысында әлеуметтік желі арқылы шетелдік радикалды ұйымдардың уағыздарын, аудио және бейнематериалдар таратқан тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі құрықталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Polisia.kz мәліметінше, діни радикалдар тобының 11 мүшесі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімі ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ұсталған.
Тінту барысында табылған материалдарға бұған дейін сот тәртібімен Қазақстан аумағында діни араздық тудырушы ретінде таратуға тыйым салынған.
Мекенжай бойынша жүргізілген тінту барысында көптеген діни мазмұндағы материалдар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде анықталғандай, материалдарда діни араздықты насихаттау белгілері бар
Топтың көшбасшылары мен белсенді қатысушылары болып есептелетін 4 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалғандарынан мойындау жауаптары алынды. Қазіргі уақытта діни араздық тудыру бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.