Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Бүгін арыстандар тосыннан байып, сарышаяндарда жұмыста мәселе туындауы мүмкін: 19 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

19 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді

19 Қыркүйек, 2025

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бүгін арыстандар тосыннан байып, сарышаяндарда жұмыста мәселе туындауы мүмкін: 19 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
  • «Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді
  • «Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған
  • «Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады
  • Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев
  • Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады
  • «Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ
  • Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 19 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жамбылдықтар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды

Жамбылдықтар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды

18 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін жамбылдықтар 17 тамыз күні «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық маңызы бар тас жолында қызмет өткеру барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды.

Жаназаға марқұмдардың отбасысы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық ПД бастығының орынбасарлары, бірге қызметте болған әріптестері, достары қатысты.

Сондай-ақ, қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер Министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.

— Әріптестеріміздің қызмет барысында, кенеттен қаза болуына байланысты суық хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырды.
Жас болса да өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз өз үлестерін қоса білген азаматтардың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді.
Олар мінсіз қызметтерімен қатар, отбасында үлгілі әке, жақсы жар, жақындарына қамқор, айналысына жанашыр болды. Артында қалған отбасы, балалары мен жұбайына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз деп сенім білдіремін.
Батырлардың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады, —деп Арманбек Баймурзин қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді.

Марқұмдардың жаназасы өз туған жерлерінде — Ғалым Арыстанбаев Меркі ауданында, Абылайхан Әбішкен Талас ауданында өткізілді.

Қаза болған полиция қызметкерлері «Айбын» орденіне ұсынылатын болады.

Оқылып жатыр

Бүгін арыстандар тосыннан байып, сарышаяндарда жұмыста мәселе туындауы мүмкін: 19 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

«Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

Соңғы жазбалар

Бүгін арыстандар тосыннан байып, сарышаяндарда жұмыста мәселе туындауы мүмкін: 19 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

19 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді

19 Қыркүйек, 2025

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

18 Қыркүйек, 2025

«Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

18 Қыркүйек, 2025

Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды

18 Қыркүйек, 2025

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

18 Қыркүйек, 2025

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.