Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өңірдің дамуы туралы баяндама жасап, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Тараздағы Абай даңғылы арқылы өтетін теміржол үстіндегі автомобиль көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба қала ішіндегі көлік логистикасын айтарлықтай жеңілдетіп, қозғалыстың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырмақ.
Қаланы жаңа тұрғын үй массивтерімен байланыстыру үшін 50 шақырым асфальт жол салынған. Сонымен қатар 10,3 шақырымды құрайтын үш көше қайта жөнделді, 35,3 шақырым жаяу жолдар салынды және 49,6 шақырым суару арықтары қалпына келтірілді.
Соңғы екі жылда Таразға 271 жаңа автобус әкелініп, қалалық автопарк 82 пайызға жаңарды.

