Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі – Алматы қаласының Білім басқармасы

21 Тамыз, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бірінші сыныпқа қазірдің өзінде 27 мыңға жуық бала қабылданды. Оның ішінде 57%-ы мемлекеттік тілде білім алатын болады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Оның сөзінше, жыл сайын мемлекеттік тілде оқуға деген сұраныс артып келеді. Бүгінде мегаполистегі барлық оқушылардың 51%-ы қазақ тілінде білім алып жатыр.

«Мысалы, 1990 жылы мемлекеттік тілде бар-жоғы 11 мың ғана оқушы оқыған болса, биыл олардың саны 177 мыңға жақындады. Яғни бұл көрсеткіш табиғи түрде 16 есеге өсті», – деді Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Сайфеденов.

Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы баласының оқу тілін өз қалауы бойынша таңдауға құқылы. Қолданыстағы нормативтік ережелерге сәйкес, мектептер қызмет көрсету аймағында тұратын барлық балаларды қабылдауға міндетті, ал жаңа білім беру мекемелерін ашу барысында оқу тілі қоғамдық сұранысқа қарай анықталады.

«Соңғы 12 жылда Алматыда 24 жаңа мектеп ашылды, соның 19-ы немесе 80%-ы – мемлекеттік тілде білім береді. Сонымен қатар, «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында ашылуы жоспарланған 12 мектептің 9-ы қазақ тілінде болады. Мұның бәрі ата-аналардың сұранысына байланысты», – деп атап өтті Білім басқармасының басшысы.

Брифинг барысында айтылғандай, басты басымдық – халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы әрі қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру.

Алматы қаласы Ана тілі оқушылар Сайфеденов қазақ тілі

Оқылып жатыр

Алматы әкімі экономиканың негізгі салаларын дамытуға арналған 8 жобаны қарады

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

«Қазақстан мен Орталық Азия мәдениетін шетелге паш ететін алаң»: Аида Балаева Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейімен танысты

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.