Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
  • Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
  • Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
  • СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды
  • Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)
  • «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
  • Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
  • Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 7 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жаңа үйлер мен мәдени нысандар: Түркістанда құрылыс жобалары мақұлданды

Жаңа үйлер мен мәдени нысандар: Түркістанда құрылыс жобалары мақұлданды

6 Мамыр, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының орталығында салынатын әлеуметтік және коммерциялық нысандар бірыңғай сәулеттік талаптарға сай бой көтермек. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен штаб отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі өңірдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жиын барысында Түркістан қаласында және облыс аумағында салынуы жоспарланған нысандардың сәулеттік үлгілері мен жобалық ұсыныстары қаралды.

Сәулетшілер, құрылыс саласының мамандары және инвесторлар қатысқан жиында жаңа жобалардың таныстырылымы өтті. Атап айтқанда, Түркістан қаласында бой көтеретін филармония мен көркемсурет галереясына арналған жер телімдері ұсынылды. Сонымен қатар қала аумағында 5 қабатты тұрғын үй кешені мен таунхаус салу жобалары таныстырылды. Ұлттық, азиялық және еуропалық тағамдарды ұсынатын көпфункционалды мейрамхана кешенінің де жобасы ұсынылды.

Жиын барысында Түркістан қаласының бас жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ «Дизайн код» бойынша ұсыныстар талқыланды. Бұл құжат қалада салынып жатқан нысандардың бірыңғай стильде, үйлесімді салынуын қамтамасыз етуді көздейді.

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев аудан және қалалардағы әлеуметтік нысандарды біркелкі сәулеттік үлгіде салу және коммерциялық нысандарды заманауи талаптарға сай абаттандыру қажеттігін айтты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ұсынылған жобаларды мұқият саралап, нақты жоспар мен мерзімді айқындау қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір жоба қаланың сәулеттік келбетіне сай болуы шарт және тарихи-мәдени ерекшеліктерді сақтау басты назарда болуы тиіс.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қосымша ұсыныстар айтылып, жобаларды жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді. Түркістанды заманауи және ұлттық келбеті үйлескен қала ретінде дамыту бағытындағы жұмыс жалғасуда.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Соңғы жазбалар

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

6 Қыркүйек, 2025

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

6 Қыркүйек, 2025

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

6 Қыркүйек, 2025

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.