Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жаңа үлгідегі өндіріс орны»: Венгрия инвесторларымен Түркістан облысында зауыт салу жөнінде келіссөз жүргізілді

«Жаңа үлгідегі өндіріс орны»: Венгрия инвесторларымен Түркістан облысында зауыт салу жөнінде келіссөз жүргізілді

15 Шілде, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Венгрия бизнесмендері Түркістан облысында заманауи зауыт салатын болды. Түркістанға Венгрия мемлекетінен делегация келді. Оларды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Todayinfoақпараттық агенттігі. 
Әріптестік орнатуға, жобаларға қолдау көрсетуге дайын әрі жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді.
– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Алты жыл бұрын Түркістан облысы құрылды. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталатын. Түркістан қаласы жаңа облыс орталығы болып бекітіліп, шаһардың жаңа дәуірі басталды. Біздің өңір тұрғындарының 80 пайыздан астамы ауылдарда тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласы – басым бағыттардың бірі. Венгрияның үздік тәжірибелерін айналымға енгізуге, әріптестік орнатуға дайынбыз. Венгрия – біз үшін бауырлар әрі серіктес ел, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке екі мемлекет арасындағы достық және экономикалық байланыс өте жоғары деңгейде екенін айта келе Венгрия инвесторларын Қазақстанға шақыруға, көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Ал «UBM GROUP» компаниясының бас директоры Хорват Петер жылы қарсы алған өңір басшысына алғысын білдірді.
– Біз Түркістан облысы аумағынан заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұдан өзге де жобалар бойынша әріптестік орнатып, талқылауға дайынбыз, – деді Венгрия инвесторы.
Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Венгриядағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар.
«Венгриядағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ең ірі трейдерлерінің бірі. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Өнімдерін 15 елге экспорттайды. Алдағы уақытта Венгрия инвесторы Түркістан облысы аумағынан құрама жем зауытының құрылысын бастамақ. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Оқылып жатыр

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізіледі?

78 млн теңге: Қымбат пәтер алғандар тексеріледі…

Соңғы жазбалар

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.