Қазақстанның жедел жәрдем қызметіне Жаңа жыл түні шамамен 27 мың қоңырау түскен, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл шақыртулардың ішінде 17 мыңнан астамы 1-3 шұғылдық санатына жатқызылды, ал 10 мыңнан астамы 4 санатқа тиесілі болды.
«Ең көп шақырту Алматы облысында тіркелді – 3073, одан кейін Алматы қаласы – 2800, Түркістан облысы – 2358, ал жыл соңғы күні Астанада 1942 рет жедел жәрдем шақыртылды. Жыл басынан бері Қазақстанда жедел медициналық көмек бригадалары 7,7 миллионнан астам шақыртуды қабылдады. Оның ішінде 1-3 санат бойынша 4,9 миллион, ал 4 санат бойынша 2,8 миллион шақыртуға қызмет көрсетілді,» – делінген министрлік хабарламасында.
Жедел жәрдем қызметінің ерекшеліктері
Жедел медициналық көмек мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек аясында азаматтарға тегін әрі тәулік бойы, аптасына жеті күн қолжетімді.
Қазақстандағы жедел жәрдем қызметі келесі құрылымдармен қамтамасыз етіледі:
- 20 дербес станция;
- 98 қалалық қосалқы станция;
- 232 аудандық бөлімше.
Еліміз бойынша облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 бригада қызмет етеді. Сонымен қатар, бастапқы медициналық-санитарлық көмек (ПМСП) ұйымдарында 4 шұғылдық санаттағы шақыртуларды қабылдайтын 446 бригада жұмыс істейді.