Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді
  • «Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты
  • Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты
  • Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты
  • «Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты
  • Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді
  • Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды
  • Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 13 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жарқын үлгісіздер»: Досаев Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер, ақша мен қымбат машиналар сыйлады

«Жарқын үлгісіздер»: Досаев Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер, ақша мен қымбат машиналар сыйлады

20 августа, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы әкімі Ерболат Досаев Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан алматылық спортшылармен кездесіп, бағалы сыйлықтар табьстады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Шаһар басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларды Олимпиаданың күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер — дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты, боксшы Назым Қызайбайды және оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жетістіктерімен құттықтады.

«Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады. Таланттарыңыздың, табандылығыңыздың және еңбекқорлығыңыздың арқасында сіздер маңызды да тарихи жеңіске қол жеткізіп, халықтың ыстық ықыласына ие болдыңыздар, әлемдік спорттың дамуына үлес қостыңыздар. Сіздер сүйікті ісіңіз бен туып-өскен еліңізге деген сүйіспеншілігіңіздің жарқын үлгісісіздер», — деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаев Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.

Сонымен қатар, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөліктердің кілті табысталды. Әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен бірге Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға берілді.

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Кездесуде олимпиадашылар алматылықтар мен бүкіл Қазақстан халқының қолдауын сезінгенін, жарыс кезінде жігерін жанып, жеңіске жетелегенін айтты. Сондай-ақ, олар қала басшысы Ерболат Досаевқа назардан тыс қалдырмай, әкімдік тарапынан көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында алматылық спортшылар 1 күміс және 3 қола жүлде, жалпы жиыны 4 медаль жеңіп алды.

Анықтама үшін: «Astana Motors» және «Orbis Auto» компанияларының демеушілігімен Нариман Құрбанов Hyundai Santa Fe автокөлігін, Ғұсман Қырғызбаев пен Ислам Сәтбаев Hyundai Tucson кроссоверін, Назым Қызайбай мен Александра Ле Zeekr X жол талғамайтын көлігін алды.

Оқылып жатыр

ҰҚК төрағасының туысы болып танысты: Айжан Мұсақожаева ректор болу үшін 200 мың долларды алаяққа берген

Жат жұртта жүрген «жиен»: желіде Рахат Әлиевтің екінші некеден туған қызының суреті тарады

«Туристік аймақтардың дайындығы төмен»: Тоқаев Алакөлдегі жағдайды реттеуге тапсырма берді

«Тар бөлме, темір төсек, сасық ауа»: Үлде мен бүлдеге бөленген Перизат Қайраттың тергеудегі бөлмесі көрсетілді (ВИДЕО)

Перизат Қайраттың «соққыға жығылдым» деген мәлімдемесі  расталмады (ВИДЕО)

«80 млн доллар шығарған»: қашқын Қайрат Қожамжаровтың командасы елді қалай тонаған

Соңғы жазбалар

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025

Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты

12 Шілде, 2025

«Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты

12 Шілде, 2025

Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді

12 Шілде, 2025

Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды

12 Шілде, 2025

Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды

12 Шілде, 2025

«Қашып кеткің келеді»: Аша Матай жан сырын бөлісті

12 Шілде, 2025

«Жауапкершілікті Құдайға арту»: Нұраддин Садықов жеңілісті «Алланың қалауы» деп ақталатындарды сынады

12 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.