Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025

Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев

1 Қыркүйек, 2025

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады
  • Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев
  • «Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды
  • Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек
  • Ақша аударымдарын бақылау мен күшейтілген жаза: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда маңызды өзгерістер күшіне енді
  • Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды
  • «Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жас актерлер заңды сахна тілімен жеткізді: Астанада театр байқауының ақтық кезеңі өтті

Жас актерлер заңды сахна тілімен жеткізді: Астанада театр байқауының ақтық кезеңі өтті

14 Мамыр, 2025 Астана қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанадағы мектептер арасында ұйымдастырылған «Заң мен бала: қатесіз болашақ» қалалық театрландырылған қойылымдар байқауының финалдық кезеңі өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Астана қаласының прокуратурасы мен елорда әкімдігі бірлесіп өткізген ақтық байқауға аудандық кезеңдердің жеңімпаздары, яғни алты ауданнан бұған дейін іріктеліп шыққан 6 мектептің үздік театр топтары қатысып, құқықтық саладағы өзекті тақырыптарды көтерген қойылымдарын көрермендер назарына ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында өткен байқау оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, адами құндылықтарды дәріптеуге, құқықтық сананы дамытуға, сондай-ақ өмірде кездесетін түрлі жағдайларды шығармашылық тұрғыдан түсіну арқылы жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Байқаудың ерекшелігі – жас ұрпақтың заң, әділдік және азаматтық жауапкершілік туралы көзқарасын өнер арқылы көрсетуіне мүмкіндік беруінде.

Балалардың өнер байқауын тамашалауға әрі баға беруге қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, Астана қалалық Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан, қала прокурорының орынбасары Булат Мизанбаев, Астана қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей, Бас прокуратураның, Білім министрлігінің өкілдері, аудандық прокурорлар және Астана аудандарының әкімдері де келді.

«Бүгінгі ақтық қалалық сайысқа бұған дейін әр ауданда өткен байқаудың жеңімпаздары келіп отыр. Қоғамда әр баланың құқығы қорғалып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Олар өз құқығымен қатар заң бұзғандағы жауапкершіліктің қандай болатынын да біліп өсуі тиіс. Сондықтан осындай ауқымды профилактикалық іс-шара өткізіліп отыр. Барша қатысушыларға сәттілік!» – деді Білім басқармасының басшысы.

Құқықтық тәртіп тақырыбын театр тілімен жеткізуге тырысқан 6 мектептің талантты оқушылары қазіргі қоғамдағы ең өзекті деген, яғни сыбайлас жемқорлық, кибербуллинг, есірткі саудасы, ұрлық, жалған ақпарат тарату сияқты құқықбұзушылықтарды қойылымдарына арқау етті.

«Былтыр бастау алған байқау биыл да жалғасын тауып, бұған дейінгі іріктеу сайыстарының бүгін жемісін көрдік. Әр адам өмірге келген соң айналасын, жан-жағын тануға ұмтылады. Көбіне білместіктен немесе дұрыс бағыт-бағдар берілмегендіктен қателікке ұрынып жатады, қылмысқа да барады. Соның алдын алуда осындай іс-шаралардың маңызы зор. Бүгін сахнаға шыққан әр бала – еліміздің адал азаматы, өз мемлекетінің заңын қадірлейтін болашақ тұлға боларына сенім мол. Осындай өнегелі жолды көрсету – біздің ортақ борышымыз. Өнер көрсеткен барлық команда мықты, бәрін де жеңімпаз деп тануға болады, осы ретте қазылар алқасына оңай тиген жоқ. Бірақ сайыстың аты сайыс. Барша жүлдегерлерді құттықтаймын. Келесі жылы байқаудың ауқымын кеңейтіп, республикалық деңгейде өткіземіз деген ойдамыз», – деді Есет Байкен.

Байқау қорытындысында «Үздік актер» естелік сыйлығымен №87 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Нұрахматоллах Жанатқан, «Үздік актриса» аталымы бойынша Қожа рөлін сомдаған, №108 мектептің 6-сынып оқушысы Мейірім Сүлеймен, «Тақырыпқа ерекше көзқарас» аталымымен №28 мектеп-лицейі, «Үздік сценарий» аталымымен №58 мектеп-лицейі, «Үздік видео» аталымымен №17 мектеп-гимназиясы, «Екінші фондағы үздік рөл» аталымымен №93 мектеп оқушысы Бек Сапархан марапатталды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Әлеуметтік бейнероликтер жасауға қатысқаны үшін №97 және №75 мектептер де марапаттарға ие болды. Сайыстың жүлделі орындарын бергенде 6-орынды №28, 5-орынды №93, 4-орынды №58, 3-орынды №87, 2-орынды №108 және 1-орынды №17 мектептер иеленді. Жүлдегерлер дипломдарға қоса 50 мың мен 300 мың теңгенің аралығында ақшалай және номинация иегерлері бағалы сыйлықтарға ие болды.

Оқылып жатыр

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Астанада кіші Талдыкөлді тазарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр

«Астана Аренада» Дженнифер Лопестің концертінің соңы экологиялық акцияға ұласты

30 тонна қымыз, 70 мың адам: Саржалдың сары қымызы – Астанада өткен республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Астана мектебінің аумағына 600 түп ағаш отырғызылды

Соңғы жазбалар

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025

Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев

1 Қыркүйек, 2025

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

1 Қыркүйек, 2025

Ақша аударымдарын бақылау мен күшейтілген жаза: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда маңызды өзгерістер күшіне енді

1 Қыркүйек, 2025

Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды

1 Қыркүйек, 2025

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.