Алмас Кішкенбаев 15 тәуілікке қамауға алынды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаев курьер жігітке тиісті ақпарат тарады. Козачковтың telegram-арнасында полицияға курьер болып жұмыс істейтін баласына Кішкенбаев есімді адам тиіскенін айтқан ер адамнан арыз түскені жазылды.