Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады

8 Қыркүйек, 2025

«Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті

7 Қыркүйек, 2025

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

7 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады
  • «Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті
  • Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген
  • Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды
  • «Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған
  • «Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ
  • «Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды
  • Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жасыл инфрақұрылым дамуда: Шелекте жаңа саябақ ашылды

Жасыл инфрақұрылым дамуда: Шелекте жаңа саябақ ашылды

2 Маусым, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Эколог күніне орай Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында жаңа саябақтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиға табиғатты құрметтеудің айқын көрінісіне айналып, ауылдың жасыл инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Салтанатты шара барысында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Ескендірұлы Байедилов жиналған жұртшылыққа құттықтау сөз арнады. Ол табиғи аумақтарды сақтау мен абаттандырудың өмір сапасын арттырудағы және экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды. Әкімнің айтуынша, жаңа саябақ ауыл тұрғындарының барлық буыны үшін жайлы әрі қолайлы демалыс орнына айналады.

Әкімнің сөзінен кейін ауылдың құрметті ақсақалдары батасын беріп, табиғат пен ауылға жасалып жатқан қамқорлыққа алғыстарын білдірді.

Саябақ бұрыннан бар табиғи шаған тоғайының негізінде құрылды. Бұл аумақ көп жылдар бойы күтімсіз қалып келген болатын. Жүргізілген абаттандыру жұмыстары аясында жаяу жүргінші жолдары тазартылып, демалуға арналған беседкалар, орындықтар және жарық шамдары орнатылды. Табиғи ландшафт пен жасыл желек барынша сақталды.

Бүгінгі таңда саябаққа атау беру мәселесі қарастырылып жатыр. Оның атауы жергілікті табиғат ерекшеліктері мен өңірдің мәдени болмысын бейнелеуі тиіс. Қорытынды шешім жергілікті қауымдастықтың пікірі ескеріле отырып қабылданатын болады.

Жаңа саябақ ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді. Бұл — тыныш серуенге, әңгіме-дүкен құрып, табиғатпен етене жақын болуға арналған кеңістік. Мұндай игі бастамалар жергілікті билік пен халықтың бірлескен әрекеті арқылы қоршаған ортаны жақсартуға болатынын көрсетеді.

Саябақтың ашылуы — табиғатқа деген құрметтің, келешекке деген қамқорлықтың және экологиялық тұрақты дамуға деген ұмтылыстың символы. Сонымен қатар, мұндай шаралар өскелең ұрпақты табиғатты сүюге, туған жерге жанашыр болуға, яғни нағыз патриот болуға тәрбиелейді. Жас буынға туған өлкенің табиғи байлығын сақтаудың маңызын ұғындырып, оларды отансүйгіштікке, экологиялық жауапкершілікке баулиды.

Оқылып жатыр

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

Достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухы: Алматы облысы Қытаймен жеті меморандумға қол қойды

Алматы облысының әкімі Пхёнтхэк қаласының мэрімен Қонаевта кездесті

Соңғы жазбалар

«Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады

8 Қыркүйек, 2025

«Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті

7 Қыркүйек, 2025

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

7 Қыркүйек, 2025

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

7 Қыркүйек, 2025

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

7 Қыркүйек, 2025

«Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

7 Қыркүйек, 2025

«Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды

7 Қыркүйек, 2025

Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған

7 Қыркүйек, 2025

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

7 Қыркүйек, 2025

Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге

7 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.