Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 ноября, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • «Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты
  • Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан
  • «Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады
  • «Жаза тым жеңіл»: Рудный прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін 4,5 жылға ғана сотталды
  • Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 1 ноября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 ноября, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Оралда әйел 2 жасар қызының балабақшадан үйге келгенде жыныс мүшесінің қанап кеткенін көрген. Ол бұл жағдайға балабақша иесінің қатысы бар деп күдіктенеді. Қыздың анасы видео жариялады, деп хабарлайды Todayinfo  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік жағдай осыдан 9 ай бұрын болған. Анасы 1 жас 11 айлық қызының жыныс мүшесінің қанап тұрғанын киімін шешкенде байқаған.

“18 ақпан күні қызым “Happy Time” балабақшасынан жыныс мүшесінен жарақат алып келді. Шешіндіргенде қатып қалған қанды, жыныс мүшесінің жыртылып кеткенін және оның әлі де қанап тұрғанын көрдім. Тәрбиешілерге хабарластым. Олар ештеңе білмейміз деді. Бірден жедел жәрдем шақырдым. Гинекологқа барып тексерілдік. “Жарақат алған, не болғанын айтпады ма” деп сұрады. Ол арыз жазып, сараптама жасатып, жұғынды алуға кеңес берді”, – деп жазды анасы. 

19 ақпан күні ол балабақшаға бейнекамераларды көруге барған. Түскі уақытта қызының әжетханада ұзақ уақыт отырып қалғанын байқаған. Сондай-ақ тәрбиешісі бірнеше рет кірген.

“Жанында көмекшілері жоқ. Түскі ұйқы кезінде қызымның жанына 3 апайы келіп отырды. Камерадағы жазбаны алғаным жақсы болған. Әйтпесе балабақша иесінің іште жүріп, балалардың әжетханасынан кіретінін білмейтін едім. Жасырын есігі бар екен. Мұны Абай бөлімшесі мен Орал қалалық прокуратурасы жылы жауып қойды. Арыз жаздым, бірақ іс әрең жүріп жатыр”, – дейді әйел.

Айтуынша, қазір қолында барлығы бар: камерадағы жазба, гинеколог мен педиатрдың тексерген қағазы, сол сәтте түсірілген суреттер мен видеолар. Ол Орал қалалық прокуратурасына екі рет арыз жазған. Одан eӨтінішпен Астанаға жазған. Олар Оралға қайта жіберген. Сөйтіп Абай бөлімшесі істі қайта жауып тастаған. 

Ананың жанайқайы желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Олар авторға қолдау көрсетіп, жазба астына жаппай жауапты органдарды белгіледі.

“Сұмдық, бұларды қашан тексереді? Балаларымыз үшін қорқамыз”, “Оңбағандар”, “Масқара”, “Бұл әлі бала ғой”, “Балабақшаның өзінде осындай жағдай болып жатыр”, “Балабақшаны жауып тастау керек”, – деп жарыса жазды желідегілер. 

Болған жағдайға қатысты Батыс Қазақстан облысының полициясы пікір білдірді. Ведомство істің тоқтатылғанын мәлімдеді.

“2025 жылы 19 ақпанда Абай аудандық полиция бөліміне қала тұрғынынан оның кәмелетке толмаған қызы балабақшада жүрген кезінде дене жарақатын алғаны туралы арыз түсті.Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау) бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, мұқият зерттелді, сот-медициналық сараптама жүргізілді, куәлардан жауап алынды, беттестірулер мен өзге де барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жасалды. Жүргізілген кешенді тергеу шараларының нәтижесінде биыл 18 маусымда қылмыстық іс тоқтатылды. Қабылданған процессуалдық шешімге қадағалаушы орган келісім берді”, – делінген хабарламада.

 

Фото: Freepik

Оқылып жатыр

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

«КазРосГаз» «Газпромға» арзан газ сата ма? Компания енді Қазақстанға да СУГ жеткізуді жоспарлап отыр

Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?

Соңғы жазбалар

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 ноября, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады

31 Қазан, 2025

«Жаза тым жеңіл»: Рудный прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін 4,5 жылға ғана сотталды

31 Қазан, 2025

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

31 Қазан, 2025

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

31 Қазан, 2025

Жетісудың Көксу ауданында соңғы үш жылда 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version