Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жат ағымның жетегіне жетелейтін әлеуметтік желідегі жазбалар — теолог

19 Шілде, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елімізде діни алауыздық жоқ, ал жат діни ағым өкілдері өздерінің ұстанымдарын қоғамға ашық насихаттай алмайды. Әсіресе, бір кездері қаптап кеткен «Хизб ут-Тахрир» ағымын ұстанушылар мүлдем жоқ, жойылды деп айтуға болады. Ел ішін жат ағымнан қорғауда ҰҚК, прокуратура, полициядан бастап, түрлі қоғамдық ұйымдар қостап, бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде діни қауіп сейілді. Десе де әлеуметтік желіде жайылған түрлі жарияланымдар жастарды жат ағымның жолына тартуды тоқтатқан емес, деп хабарлайды Todayinfo тілшісі.

Елімізде мүлдем тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» радикалды ағымы өзге елдерде әлі де бар және ол ағым біздің мемлекетіміз үшін аса қауіпті ұйым саналады.

«Хизб ут-Тахрир»: идеологиясы, ерекшелігі және қазақы таныммен үйлеспеуі

«Хизб ут-Тахрир» («Тахрир партиясы» немесе «Босату партиясы») — XX ғасырдың ортасында Таяу Шығыста құрылған, бүгінгі таңда Орталық Азия, Еуропа мен Оңтүстік Азияда белсенді жұмыс істейтін, ислам халифатын қайта орнатуды басты мақсат еткен радикалды идеологиялық қозғалыс. Оның ұстанымдары мен стратегиясы дәстүрлі қазақ қоғамының діни танымына және қазіргі Қазақстан Республикасының зайырлы, ұлттық-конституциялық құрылымына қайшы келеді.

Шығу тегі мен ұстанған мақсаты

«Хизб ут-Тахрир» 1953 жылы Иерусалимде Тақиуддин ан-Набхани деген палестиналық шариғат ғалымы тарапынан құрылған. Негізгі мақсаты — бүкіл ислам үмбетін біріктіретін халифат мемлекетін құру. Қозғалыс демократияны, ұлт мемлекеттерін және қазіргі заманғы құқықтық жүйелерді күпірлік жүйелер деп таниды. Ұраны – «لا حكم إلا لله» («Билік тек Аллаға ғана тән»).

«Хизб ут — Тахрир — таяу Шығыста танымал болған Набаханидың идеясы негізде қалыптасқан діни ұйым. Штаб пәтері Лондонда, біздің елімізде қызметіне тыйым салынған. Діни ұйымнан, партиядан болып есептелінеді, яғни ұйымның аты «азат ету» партиясы деген мағынаны білдіреді. Бұл ұйым экстремистік  идеяларымен танымал.  Бұл ұйымның идеясын тарату, насихаттау  айыбымен қаншама қаракөздеріміз өкінішке орай өздерінің түрмедегі жазасын, мерзімдерін өтеп жатыр. Бұл ұйымның идеяларын сынаумен  дәстүрлі діни ұстанымға қайшы келетіндігін  дәлелдеумен жұмыс жасау керек және жұмыс жасалып та жатыр. Осы ұйымға қатысты мерзімін өтеп жатқан бауырларымызбен де түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз,  алайда бұл ұйымның идеясына бір санасы уланған бауырларымызды  райынан қайтару олардың пікірін өзгерту өте қиынға соғады. Оған жан жақты себептер көп,  әлеуметтік жағдай, қоғамдағы келеңсіз оқиғалар, билік құрылымдарына айтылатын сын оларды райынын қайтаруға кедергі болады», -деді Төле би мешітінің бас имамы, дінтанушы Еркінбек Шоқаев.

Десе де дінтанушылар жат ағымның тұзағына түсіп қалатын жастардың сирек болса да, әлі бар екенін айтады. Рухани жан дүниесі қиналған, әрі тұрмыстық тауқыметті тартудан бөлек, Жаратушыны танығысы келетін жастар, әйелдер дінді өз бетінше танымақ болады. Бұл олардың бөгде ағымдардың өткір уағыздарына илануынан басталады.    

Әлеуметтік желілерді жастарды тарту үшін пайдаланады

«Жастар баяғы заманнан жылтыраған  нәрсеге қызығады, әлі өмірге берері аз, алары көп. Кейбір кезде ата-анасының қадірін білмей жатады, өмірден таршылық көргендер болуы да мүмкін, осындай әр түрлі себептермен жат ағымға кіріп кетеді. Негізгі себеп мынада: қазір интернет қатты дамыған, жастар әлеуметтік желіден шықпайды, сол жерде жат ағымның адамдары тұзаққа түсіру үшін отырады. Сол тұзаққа түсіп қалмау үшін  ата-ананың, мектептегі ұстаздың айтқанын тыңдаған дұрыс.  Қандай дүние болмасын телефон ата-ананың бақылауында болғаны дұрыс. Жат ағымға түсудің көптеген факторлары бар, соның негізгісі  — телефон арқылы ойланбастан әртүрлі әлеуметік желілер арқылы танымайтын адамнан келіп жатқан сілтемелерді оқу, біз ондай бөтен хаттарды, видеоларды оқымауға, көрмеуге шақырамыз, — деді дінтанушы Ұлықбек Әлиакбарұлы.

«Хизб ут-Тахрир» Қазақстан Республикасында 2005 жылдан бері террористік және экстремистік ұйым ретінде танылған. ҚР ҚК 174-бабына сәйкес, оның насихаты мен мүшелігі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сот шешімі негізінде «Хизб ут-Тахрир»  идеялары қоғамда діни араздық тудырады, қозғалыс халифат орнату арқылы мемлекеттілікті жоюға ұмтылады, ұйымның әрекеті заңға қайшы және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп танылған. Дінтанушылар, аталған ұйымның астыртын әрекетіне байланыспауды қатаң ескертіп келеді.

«Құзырлы органдар, соның ішінде полиция, ҰҚК, прокуратура және дінтанушы теологтардың жұмысының нәтижесінде қазір елімізде діни тұрақтылық бар. Жат ағым жетегінде кеткен жан болса олармен ұзақ уақыт кездесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл ағымдармен қарсы күресте бетпе бет жолығатын  Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының қызметкерлері, имамдар, ұстаздар. Әр облыста дін мәселелерін  зерттеу орталықтары бар, осы орталықтың дінтанушы теологтары да аянбай жұмыс істеді. Белгілі бір азаматпен  жеке кездесуер өткізіп тұрды. Жабыла, жан жақты жасалған жұмыстардың нәтижесінде елімізде діни тұрақтылық бар», — деді теолог Ұлықбек Әлиакбарұлы.

Аталған ұйым бейбіт құралдарды қолданғанымен, радикал идеяларды таратады (қазіргі үкіметтерді «күпірлік режим» деп санайды). Қозғалыс мүшелері қоғамды жіктеп, билік пен халық арасында сенімсіздік тудырады. Әлемдік БАҚ пен интернет кеңістігін идеологиялық құрал ретінде тиімді пайдаланып отыр.

Қазақстан — зайырлы, ұлттық мемлекет. Ал олардың әрекеті — ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Дінтанушылар мен теологтар, елімізде жан-жақты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бұндай ұйымдардың кеңінен жайылуына жол берілмей келеді деп санайды.

«Әзірге Құдайға шүкір, еліміздедіни тұрақтылық орнаған, аса қауіпті көріп тұрғамыз жоқ. Бірақ бәрі тыныш екен деп жүрмейміз, жұмыс жасалу керек.Бұндай топтар қоғамға,жергілікті халықтың салтына, дәстүріне, негізгі тұрмыс тіршілігіне зиян келтірумен айналысады. Олармен тек теологтар, имамдар емес бүкіл ел болып жұмылып күресуіміз қажет деп есептеймін», -деді дінтанушы.

Фото: gov.kz

Оқылып жатыр

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.