Қазгидромет ел аумағында 14 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Ведомствоның мәліметінше, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Солтүстікте, шығыста, орталықта қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында, оңтүстікте таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі», деп жазды синоптиктер.
Тек ҚР батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл болады.