Әлеуметтік желіде танымал актрисалар Жазира Еркін мен Фариза Ескермес «Мен ең болмағанда» трендіне арналған видео түсіріп, бір-бірінің жеке өміріне қатысты айыптаулар жасады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Видеода актрисалар әзіл-шыны аралас сөздерімен бір-бірінің қателіктерін тізіп шықты.
Жазира Еркін видеода өз әріптесі Фаризаны әшкерелей отырып:
«Мен ең болмағанда киноға түсу үшін құрбымның күйеуімен сүйіскен жоқпын», – деп мәлімдеді.
Өз кезегінде Фариза құрбысының мысық асырап, кейін оны басқа біреуге бергенін сынға алды. Сонымен қатар, ол Жазираға қарап:
«Мен ең болмағанда 30-ға дейін тұрмыс құрмай жүрген жоқпын», – деді.
Әлеуметтік желіде бұл видео қызу талқыланды. Көпшілік актрисалардың әрекетін әзіл ретінде қабылдаса, кейбіреулері бұл шынайы әшкерелеу екенін болжады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram