Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері
  • Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда
  • Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров
  • «Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады
  • Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды
  • «Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты
  • «Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты
  • Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 5 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жеке имиджі мен пиарына ақша жұмсамады»: сарапшы Досаевтың жұмысына оң баға берді

«Жеке имиджі мен пиарына ақша жұмсамады»: сарапшы Досаевтың жұмысына оң баға берді

24 Мамыр, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Тоқаев ақыры Ерболат Досаевты отставкаға жіберді. Бүгін Алматы қаласының мәслихатында жаңа әкімнің есімі жарияланады. Ерболат Досаев үш жылдан астам уақытқа әкім болды. Саясаттанушы Марат Шибұтов осы кезеңде қала басшысының атқарған жұмысына жан-жақты талдау жасап, өз бағасын берді, деп хабарлайды Todayinfo.

«Мен Алматыны басқарған бірнеше әкімнің қызметіне тікелей куә болдым. Сондықтан қалаға қатысты пікірімді сырттай бақылаушы емес, ішкі жағдайға қанық адам ретінде айта аламын», — дейді сарапшы.

Шибұтов Досаевтың әкімдікке келуі күрделі кезеңмен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа әкім тек «Қаңтар оқиғасының» салдарымен ғана емес, сонымен қатар бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевтан қалған түйткілдермен де бетпе-бет келген. Сағынтаевтың кезінде Алматыда тығыз әрі ретсіз құрылыс көбейген болатын.

Марат Шибұтовтың дерегінше, 2021-2024 жылдар аралығында Алматыда бірқатар маңызды көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған. Қаланың жалпы өңірлік өнімі 15 трлн теңгеден 29 трлн теңгеге өсіп, ел экономикасындағы үлесі 17,9%-дан 21,8%-ға артқан. Қаладағы белсенді кәсіпорындар саны да көбейген. Атап айтқанда, заңды тұлғалар саны 83 547-ден 114 832-ге дейін өскен.

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер байқалады. Үш жыл ішінде қаладағы мектептер саны 317-ден 367-ге, балабақшалар саны 860-тан 1022-ге артқан. Сондай-ақ Алматыда үш жаңа музей мен төрт театр ашылған.

«Досаев тұрғын үй құрылысының қарқынын саналы түрде азайтып, оны 2,6 млн шаршы метрден 2,4 млн шаршы метрге дейін төмендетті. Әсіресе, ретсіз әрі тығыз құрылысқа тосқауыл қойып, құрылыс жобаларын аудандарға тең бөлуді жолға қойған.

Туризм саласында да айтарлықтай өсім байқалған. 2021 жылы шетелдік туристер саны 162,5 мың болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 686 мың адамға дейін өскен. Қала экспорты да бірнеше есеге артқан: ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі 796 млрд теңгеден 2 трлн 92 млрд теңгеге жеткен», — деп жазды Марат Шибұтов.

Сарапшы, Досаевтың көпшілік байқай бермейтін, бірақ қала үшін аса маңызды шараларды қолға алғанын да атап өтті. Олардың ішінде қаланың ерекше мәртебесі туралы заңға енгізілген өзгерістер бар. Бұл Алматының дербестігін нығайтқан. Бұған қоса Досаев 2004 жылдан бері жаңартылмаған Алматының жаңа Бас жоспарын әзірлеп, бекітті.

Сонымен қатар, қала аудандарының бюджеті бұрынғыдан бірнеше есе өсіп, 3-4 миллиард теңгеден 24 миллиард теңгеге дейін ұлғайған. Әкім мәслихат депутаттарын бюджет мәселесін бірлесіп әзірлеуге тартты. Қала құрылысы бойынша арнайы кеңес құрылып, көптеген заңсыз құрылыс жобалары тоқтатылып, түзетілген.

«Әрине, Досаевта кемшіліктер де болды. Әкім әрқашан әртүрлі топтардың мүдделері арасында баланс сақтауы керек, бұл оның жұмысын қиындатқаны рас. Оның үстіне, ол өзінің жеке имиджі мен пиарына ақша жұмсауды құп көрмеді. Ал бұл – әкімдікте жиі кездесетін тәжірибе. Сондықтан қоғам оның атқарған жұмысына емес, әлеуметтік желілерде тараған қысқа видеоларға қарап баға берді. Халық оның тұрғындармен кездесудегі дөрекілеу видеоларын ғана талқылады. Алайда, бұрынғы 19 әкімнің халықпен қалай кездескені туралы видеолар бар ма еді?» — деп сауал қояды Шибұтов.

Саясаттанушы Алматы әкімдері ішінде тәуелсіздік жылдарында Ахметжан Есімов, Бауыржан Байбек және Ерболат Досаевтың басқаруы ең тиімді болғанын айтады.

 

Оқылып жатыр

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі – Алматы қаласының Білім басқармасы

Соңғы жазбалар

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025

«Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады

4 Қыркүйек, 2025

Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды

4 Қыркүйек, 2025

«Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

4 Қыркүйек, 2025

«Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты

4 Қыркүйек, 2025

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

4 Қыркүйек, 2025

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

4 Қыркүйек, 2025

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.