Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Аты жаһанға жайылған»: Жұлдыздар назарын өзіне аударып, биімен әлемдік трендке айналған бала кім

13 Шілде, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Кейінгі апталарда көптеген әлеуметтік желі қолданушысы шетелдік жасөспірімнің би қимылдарын қайталап, контент түсіріп жатыр. Индонезиядағы Риау провинциясында тұратын 11 жастағы Райян Аркан Диканың қайықтың тұмсығында тұрып билеген видеосы TikTok пен Instagram желілерінде жылдам тарады, деп хабарлайды Todayinfo америкалық басылымға сілтеме жасап.

Диканың биі түрлі әндерге монтаждалып, әлем жұлдыздарының назарын аударды. Бүгінде Дика тек әлеуметтік желінің жұлдызы емес, туған өңірі – Риау провинциясының туризм елшісі атанды.

Бейнежазбада қара киім киіп, күннен қорғайтын көзілдірік таққан Дика жіңішке қайықтың тұмсығында өзіне тән байсалды қимылдарды қайталап, билейді.

– Бұл биді өзім ойлап таптым. Барлығы аяқ астынан шықты, – деді Дика BBC Indonesia тілшісіне берген сұхбатында.

Диканың алғашқы видеосын TikTok желісіне қаңтар айында «Ленса Рамс» есімді қолданушы жүктеген.
Бала Индонезиядағы тарихы фестивальдің бірінде Pacu Jalur атты дәстүрлі қайық жарысына қатысқан.

Онда Ұзын каноэ тәрізді қайықтың әрқайсысында «туканг тари» деген биші бала болады. Ол жарыс кезінде биімен ескекшілерге рух беріп тұрады.

Дика бұл жарысқа 9 жасынан қатысып келеді. Ол осы дәстүрдің танытушының бірі. Әр қайықтың өз бишісі бар және олардың әрқайсысы жарысқа өз атмосферасын қосады.

Бейнежазба бірнеше ай бұрын түсірілсе де, шілде айының басында оның танымалдығы күрт артты. Себебі, Диканың биі икемге оңай, көңілді.

Желіде Диканың биін қайталағандар қатарында көптеген TikTok және Instagram қолданушыларынан бөлек, танымал тұлғалар да бар. Мәселен, NFL жұлдызы әрі Тейлор Свифттің сүйіктісі Трэвис Келсидің қайталауындағы видео 13 миллионнан астам қаралым жинады.

АҚШ-тағы Savannah Bananas бейсбол командасының “Party Animals” атты бөлімшесі би нұсқасын алаңда орындап, TikTok-та 5 миллионнан астам қаралым жинады. Сондай-ақ, АҚШ құрамасының футболшысы Диего Луна Гватемалаға қарсы гол соққан соң, дәл осы биді орындап, жеңісті ерекше атап өтті.

Диканың видеосы арқылы жергілікті дәстүрдің қайта жаңғыруына себеп болғанын атап өткен Риау билігі, оны туризм елшісі етіп тағайындады. Сонымен қатар, облыс губернаторы Абдул Вахид оған 20 миллион рупий (шамамен 1200 АҚШ доллары) көлемінде білім беру стипендиясын табыстады. Арнайы рәсім кезінде Дика губернатормен бірге би де биледі.

– Уау! Мен сондай бақыттымын. Губернатормен кездесемін деп ешқашан ойламаппын, – деді Дика стипендия туралы жария еткен ресми хабарламада.

Оқылып жатыр

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

«Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты

Трамп қысқа мерзімді сапармен Израильге барды

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Газада соғыс тоқтады: ХАМАС пен Израиль келісімге келді

Соңғы жазбалар

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.