Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жемқорлықсыз болашақ: Ұлытауда ерекше форматтағы «АнтиПараКвест» өтті

17 Мамыр, 2025 Ұлытау облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлытау облысында жастарға арналған квест-квиз-челлендж форматындағы «АнтиПараКвест» ойыны өтті. Жастардың белсенділігін арттыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуды мақсат еткен шараға аймақ басшысы Дастан Рыспеков және облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Жолдыбаев арнайы қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімі өз сөзінде: «Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлғалар. Мұндай ойындар олардың ой-өрісін дамытып, әділдік пен парасаттылық құндылықтарын нығайта түседі», – деді.

Ал департамент басшысы: «АнтиПараКвест – бұл жастармен тиімді тіл табысудың, оларды тыңдаудың заманауи әдісі. Бұл – тәрбиелік мәні зор, әрі тартымды формат»,- деп атап өтті.

Ойынға барлығы облыс бойынша 10 команда қатысты. Қатысушылар төрт кезеңнен өзара сайысып, білім мен логикаға, жылдамдық пен топтық жұмысқа негізделген тапсырмаларды орындады. Әр кезеңде жастар адалдық, ашықтық, құқықтық сауаттылық пен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын сұрақтарға жауап берді.
Қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтижесінде:

І ОРЫНДЫ – «Адал live», Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейі;
ІІ ОРЫНДЫ – «Голос прозрачности», Қаражал қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі;
ІІІ ОРЫНДЫ – «Адалдық патрулі», Қаражал қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі жеңіп алды.
Сонымен қатар, аталған ойынға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен:
— «Жемқорлықсыз жастар», Жезқазған бизнес және көлік колледжі;
— «103», Жезқазған жоғары медициналық колледжі;
— «Жемқорлықсыз болашақ», «Қазақмыс» Корпорациясының технологиялық колледжі;
— «Таза қоғам», «Денсаулық» медициналық колледжі;
— «MindHackers», Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі;
— «САФ ЖҮРЕК», Жаңаарқа ауданының Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі;
— «Бірлік», Ұлытау ауданының №1 тірек мектебі,
Барлық қатысушы және жеңімпаз командаларға ұйымдастырушы тарапынан диплом, бағалы сыйлықтар (колонка, принтер,телевизор, имидждік өнім) мен статуэтка табыс етілді.

Ойын соңында қатысушылар адалдық челленджін еліміздің өзге қалалары мен облыстарына жолдады. Айта кетейік, іс-шара Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында және Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті, Ұлытау облысының білім басқармасы мен «ҰЛЫТАУ ЖАСТАРЫ» қоғамдық бірелсітігінің ұйымдастыруымен өтті.

Оқылып жатыр

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

Ұлытау облысында демеушілердің қаражатына 60 миллиард теңгеге әлеуметтік нысандар салынады

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: Ұлытаулықтар ұлы ойшылдың рухына тағзым етті

Ұлытау облысында алғаш рет ашық жүрекке ота жасалды

«Жылына 100 баланы қамтиды»: Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.