Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты
  • «Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)
  • Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
  • «Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)
  • «Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады
  • Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жер дауы: Шымкент тұрғыны заңды жер телімінен айырылуы мүмкін

Жер дауы: Шымкент тұрғыны заңды жер телімінен айырылуы мүмкін

8 Мамыр, 2025 Оқиғалар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бір жылдан астам уақыт бойы адал кәсіпкер Алмас Ж. Шымкенттегі жер теліміне қатысты бірінші инстанциядағы сот шешімімен келіспей, әділдік үшін күресіп келеді, деп хабарлайды Todayinfo. 

Оның сөзінше, барлығы 2024 жылдың наурызында өткен электрондық аукционнан басталған. Ол кезде Шымкенттегі жер телімін сот орындаушысы аукцион арқылы сатқан. Оның себебі — бұрынғы иесі У.С. банктен алған қарызын өтей алмаған. Ал жер банкте кепілде тұрған еді. 2023 жылғы 2 маусымда берілген атқарушылық құжат негізінде сот орындаушысы Есимова А.Т. мүлікті аукционға қойған. Алмас Ж. жеңімпаз болып танылып, 817 млн теңгеден астам сомаға толық төлем жасаған. 2024 жылғы 3 қыркүйекте ол мен сот орындаушысы арасында сатып алу-сату шарты рәсімделген.

Банк өз қаражатын өндіріп алған, ал Алмас Ж. жер телімінің заңды иесі атанған. Алайда жердің бұрынғы иесі У.С. бұл мәміле заңсыз деп, сотқа шағым түсірді. Ол өзінің бұл кепілге келісім бермегенін алға тартып отыр. Бірінші инстанциядағы сот қолтаңба сараптамасының қорытындысына сүйене отырып, У.С. берген талап-арызды жартылай қанағаттандырған. Алайда апелляциялық инстанция сараптаманың сапасы мен жүргізілу тәртібіне күмән келтіріп отыр. Себебі сарапшылар У.С.-ның жас ерекшелігін, денсаулығын, қолтаңба өзгерістерін және сараптама жүргізу ережелерін ескермеген.

Нотариалды құжаттар мен мерзімнің өтіп кетуі

Сотта тараптар 2018 жылғы нотариалды құжаттарды ұсынды, онда У.С. жер телімін кепілге қоюға келісімін берген. Бұл құжаттар нотариуспен расталған және оның соттағы сөздерімен сәйкес келеді. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, талап қою мерзімі – 3 жыл. Бұл мерзім 2021 жылғы шілдеде аяқталған, ал У.С. сотқа тек 2024 жылы жүгінген.

Банктің ликвидациялық комиссиясы іске араласып отыр. Даудың ушығуына байланысты банктің осы комиссиясы да бұл іске араласып, бірінші сатыдағы сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді. Участок Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылында орналасқан. Аукционның бастапқы бағасы 268 млн теңге болса, Алмас Ж. наурызда 817 млн теңге көлемінде толық төлем жасаған. Сатып алу-сату шарты 2024 жылғы қыркүйекте жасалды.

Апелляцияның негізгі уәждері:

— Сараптаманың сапасы төмен. Қолтаңба сараптамасы жүргізілгенде У.С.-ның жасы (76 жас), денсаулығы және 2018 жылдан бері қолтаңбадағы өзгерістер ескерілмеген;
— Нотариалды келісімнің болуы. У.С. 2018 жылғы 11 шілдеде нотариус алдында жерді кепілге қоюға келісім бергені расталған;
— Талап қою мерзімі өтіп кеткен. Талап қою 2024 жылы берілген, ал мерзім 2021 жылы аяқталған.

Апелляциялық комиссия бұл жерде мүлікті қайтарғысы келмейтін өзге бір мүдделі тұлғалар тұрғанын жоққа шығармайды. Сонымен қатар, егер У.С.-тың қолтаңбасы қолдан жасалған болса, бұл – қылмыстық құқықбұзушылық, және ол полицияға жолдануы тиіс еді. Алайда сот бұл мәселені ескерусіз қалдырған.

Не болады?

Енді 13 мамырда апелляциялық сот (Касенова А., Насердинов Б., Сералиев Е.) бұл іске нүкте қоюы тиіс. Олар бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруы да, не Алмас Ж.-ның құқығын қайта қалпына келтіруі де мүмкін.

Алмас Ж. – адал сатып алушы. Ол барлық рәсімді заң аясында орындады. Апелляциялық сот әділ шешім қабылдап, Шымкенттегі сот жүйесіне деген сенімді қалпына келтіре алады. Өйткені «Әділетті Қазақстанда» әрбір азамат өз меншігінің қорғалғанына сенімді болуы тиіс.

Оқылып жатыр

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

9 Қыркүйек, 2025

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025

Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.