Алматыда өткен жылы болған екі бірдей жер сілкінісі кезінде тұрғындар қиын жағдайға тап болғаны белгілі. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы бұл оқиғада халыққа қажетті алдын ала ақпарат берілмей, тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізілмегенін атап өтті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Алдын ала ескерту болмаған
«Қақаған қыста болған жер сілкінісі кезінде халықтың көп бөлігі сыртта қалды. Олардың кейбірі жылы киімін киіп үлгермей, далада жүруге мәжбүр болды. Себебі жер сілкінісі туралы алдын ала ақпарат берілмеді, төтенше жағдай кезінде не істеу керектігі жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілген жоқ», – деді Нартай Аралбайұлы.
Сейсмологиялық станциялар мәселесі
Нартай Аралбайұлы ҚР Төтенше жағдайлар министріне сейсмологиялық орталықтарды жаңадан салу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды. Ол Мемлекет басшысының Алматыдағы жағдайды бақылап, арнайы мәлімдеме жасағанын еске салды.
«Президент елімізде 70 сейсмологиялық станция бар екенін, оның алтауында ешқандай жұмыс жүргізілмегенін айтты. Ал Қазақстанға 285 сейсмологиялық станция қажет екені анықталды. Сонымен қатар Алматыдағы төтенше жағдайдан кейін өткізілген 27 мың сейсмикалық жаттығу мен 2500 семинардың да тиімділігі болмағанын сынға алды», – деді депутат.
Депутат министрден республикалық бюджеттен 873,2 млн теңге көлемінде сұралған қаражаттың жаңа сейсмологиялық орталықтар салуға бағытталған-ба екенін нақтылауды сұрады. «Сіздердің ведомство бұл жағдайдан қорытынды шығарды ма? Сейсмикалық орталықтарды жаңадан салу жоспары осы қаражаттың ішінде қарастырылған ба?» – деп сұрақ қойды ол.
ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов жер слікінісі кезінде барлық алгоритм дұрыс жұмыс істегенін айтты.