Жетісайда 39 жастағы келіншекті тонап, артынша зорлап өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Todayinfo.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті, яғни жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол бірден қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған басқа да қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Қылмыстық істің материалдары сотқа жолданатын болады», — делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін Жетісайдағы жантүршіктірер қанды оқиға туралы жазған едік.
Фото: depositphotos.com