Жетісу облысында шекарадан 80 мың ампула дәріні заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды Todayinfo.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 16 тамызда «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өтудің жолы кесілді.
— Шығу тегі белгісіз 80 мың ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды. Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді, – делінген ҰҚК хабарламасында.