Сарқан ауданының прокуратурасы қорғаншылық және қамқоршылық органдары 4 жетім балаға тиесілі мүлікке қатысты мәмілелер жасауға тыйым салу туралы ауыртпалық салу жөніндегі өздерінің заңнамада белгіленген міндеттерін («Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» 13 — баптың 3-тармағы) орындамағанын анықтады.
«Мұндай тыйым болмаған жағдайда балалардың мүлкі қандай да бір кедергісіз үшінші тұлғаларға өтуі мүмкін екендігі жоққа шығарылмады. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың мүлкіне қатысты мәмілелер жасауға тыйым салатын ауыртпалық салу шараларын қабылдады», — деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.
Тағы бір жағдай, Көксу ауданының прокуратурасы балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі — ТМККК) беру саласындағы бұзушылықтарды анықтады. Ауданның медициналық ұйымына жыл басынан бастап босандыру ұйымынан шығарылған кезде 112 ана мен балаға бірінші қажеттілігі бар «Медициналық қобдиша» берілмегені анықталды (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығының 30-тармағы).
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша «Медициналық қобдишалары» берілді, кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.