Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города
  • Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
  • Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді
  • Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
  • Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 1 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Жетісу ауданы көшені жаңаша жарықтандыра бастады

Жетісу ауданы көшені жаңаша жарықтандыра бастады

11 Шілде, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу ауданы жүйелі түрде жаңғыртылып, қауіпсіз әрі жайлы қалалық орта құру бағытында нақты қадамдар жасап келеді. Соның ішінде сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңарту – маңызды басымдықтың бірі. Қалалық бағдарламаларды іске асыру мен инфрақұрылымға салынған инвестициялар нәтижесінде ауданның кешкі және түнгі келбеті айтарлықтай өзгеріп жатыр: көше мен аулалар, қоғамдық орындар жаңа, үнемді және біркелкі жарықпен қамтыла бастады. Ләззат Жылқыбаева Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында осылай деді, деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда Жетісу ауданында 20 344 жарық нүктесі жұмыс істейді. Оның ішінде 13 793-і – энергия үнемдейтін LED шамдар, ал 6 551-і – ескі үлгідегі консольді шамдар (ЖКУ). 171 сыртқы жарықтандыру шкафы (ШУНО) жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отыр. Әкімнің айтуынша, ескі шамдарды жөндеп, LED шамдарға ауыстырып, жарықсыз қалған көшелерді жарықпен қамту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қазір 22 көшені толық жарықтандырып біткен, тағы 94 көше мен өткелде жұмыс жалғасып жатыр. Барлығы 116 учаске қамтылған.

Энергия тиімділігі де басты назарда. Көкжиек, Айнабұлақ шағын аудандарында, Райымбек–Сүйінбай–Рысқұлов–Станиславский көшесінің шеңберінде ескі сарғыш шамдарды осы заманғы LED шамдарға алмастырды. Бұл жарық сапасын жақсартып қана қоймай, энергия шығынын азайтуға, экологиялық әсерді төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, сыртқы жарықтандыруды кеңейтуге бағытталған екі ірі жоба іске асырылып жатыр. Біріншісі – 33 көшені қамтыса, екіншісі – 11 учаскедегі тротуарлар мен саябақтарға бағытталған. Бұл жобалар аясында 66 шақырым кабель, 824 жарық тіреуі, 1 300 шам және 2 900 торшер орнату жоспарланған. Бұл өз кезегінде аудандағы негізгі көшелер мен демалыс аймақтарының қауіпсіздігін арттырады.

Қаланың эстетикалық келбетін жақсарту да маңызды бағыттың бірі. Қазіргі уақытта Жетісу ауданында архитектуралық-фасадтық жарықтандыру жобасы қолға алынды. Бірінші кезеңде 29 ғимарат, оның ішінде 9 әлеуметтік нысан мен 20 көпқабатты тұрғын үй жарықтандырылады. Бұл жоба кешкі және түнгі уақытта ауданға ерекше көрік беріп, оның тартымдылығын арттырады.

Жалпы алғанда, жарықтандыруды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді шаралар Жетісу ауданындағы 200 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданды жаңа, қауіпсіз әрі үйлесімді қалалық кеңістікке айналдыруға бағытталған.

Фото: Freepik

Оқылып жатыр

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Соңғы жазбалар

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025

Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді

1 Қараша, 2025

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 Қараша, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.